2011ж. 14 қарашада С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Шымкенттік «Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету» декларациясына қол қойды




17.11.2011

ҚазҰМУ ректоры А.А. Ақановтың орнына Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу Орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы
Сарсенбаева С.С. қол қойды.

Декларацияға қол қою  «Қазақстандық білім оқу бағдарламаларын аккредиттеу арқылы  еуропалық сапа стандарттары жолында» халықаралық семинар аясында өтті.
(М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы, 14-15.11.2011 ж.)