2012-2015 жылдарына арналған С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыру БАҒДАРЛАМАСЫ




28.10.2013

Ғылыми Кеңес бекіткен

2012ж. №11

2012-2015 жылдарына арналған С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыру

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзірлеу негіздері:

-2010 жылғы №922 «Қазақстан Республикасы 2020ж дейін дамуының стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.

-«2011-2015 жылдарына арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық бойынша күрестің салалық бағдарламасын бекіту туралы»

2011 жылғы 31 наурыздағы  №308 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

-«Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», «Болашақты бірге құрамыз» Қазақстан халқына Елбасының жолдауы.

  1. Мақсат: С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты азайту және алдын алу саясатын оңтайландыру.
  2. Міндеттер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қағидаларын қадағалап орындауға, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана-сезім деңгейін көтеруге, университетте сыбайлас жемқорлық күрес саясатына белсенділік сипатын беруге бағытталған ауқымды ағарту шараларын ұйымдастыру және өткізу арқылы университет қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы көзқарасты қалыптастыру және дамыту.

Осылайша қандай да болмасын сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын, сынға алатын, ашық түрде жақтырмайтын жағдай туғызу.

-құрылымдық бөлімдердің қызметінің ашық және жариялылық жағдайларында және университет стратегиялық міндеттерінің орындалуын бақылау және кафедралардағы «сыбайлас жемқорлық рейтингін» анықтау (мониторинг) үшін сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алдын алу және азайту мақсатымен өткерілетін оқу-тәрбие, ғылыми және ұйымдастыру –әдістемелік жұмыс тиімділігін және нәтижелік деңгейін көтеру.

-сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кісілерді қатаң жауапкершілікке тарту, анықтап алу, оларға тыйым салу. Құқықбұзушылық орын алатын қолайлы жағдайларды, қатерлерді дер кезінде тауып аластату арқылы құқықтық сана-сезім деңгейін көтеру. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кісілер қатаң жауапқа тартылады, лауазымына және құрметті атақтары есепке алынбай қаржы полициясы органдарының хабарламасы бойынша жұмыстан шығарылады.

4. Күтілетін нәтижелер.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын сана-сезім мен дүниетаным деңгейін көтеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және корпоративтік әрекеттерге белсенділік сипатын беру.

2. 2%-5% дейінгі өлшемде сыбайлас жемқорлық деңгейін түсіру, таралуына тосқауыл қою.

3. 29%-7% пайызға дейін «сый-сыяпат, алыс-беріс» деңгейін төмендету.

 

  1. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен жолдары.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын және дамытатын шараларды жүзеге асыру.

-құрылымдық бөлімдердің жұмысын реттейтін негізгі шешімдерді қабылдау үрдісін ақпараттық жариялылықпен қамсыздандыру. Оқытушылар мен студенттер арақатынасына электрондық формат енгізілуіне орай бюрократиялық іс-шараларды сирету.

-сыбайлас жемқорлық туралы хабар беруші қайнарлардың құпиясын қорғау.

-қарым-қатынасқа электрондық нұсқауларын енгізілуіне орай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрес әдістерін, түрлерін оңтайландыру.

-қоғамдық және жастар ұйымдары арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес үрдісіндегі өзара әрекеттестік және бірлестік, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша университеттің халықаралық қауымдастықпен тәжірибе алмасуы.

4. Қаржыландыру

-университеттің қаржысы қаржыландыру көзі болып табылады.

Осы бағдарлама университеттегі сыбайлас жемқорлыққа күрес саясатын жүзеге асырудың мақсаттары мен міндеттерін, нақты бағыттарын анықтайды.

Университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үрдісінде ұжымда сыбайлас жемқорлықты еш қабылдамайтын көзқарасты қалыптастырудың зор маңызы бар. Сыбайлас жемқорлықпен қарсы көзқарас пен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениеті сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықпен тіпті де сыйыспайды. Университет құрылымдық бөлімдері қызметінің барлық салаларында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және құқықтық сана сезімін жоғарылатуға, Намыс Кодексін, Жарғы, келісім-шарт қағидаларын орындауға бағдарланған жоспарлы үзіліссіз, кең ауқымды ағарту, алдын алу шараларын өткізу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қызметкерлер қатаң жазаланатындарын білулері шарт.

Әкімшілік-кадрлар жұмысы (заңгерлер бөлімі) бойынша Департамент құзыретіне сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының жүзеге асырылуын ұйымдастыру және үйлестіру, жоғары органдармен келісе отырып, негізгі процессуалдық-құқықтық құжаттарға енгізу үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ұсыныстарды, түзетілімдерді әзірлеу енеді.

Жаңа қабылданатын «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заң ұлттық сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасының өзегі болып табылатын қазақстандық заңнамаға кезек күттірмейтін бір қатар халықаралық нормаларға сай түзетілімдер енгізу ұйғарылған.

Сыбайлас жемқорлықтан ада, таза елдерде сыбайлас жемқорлықпен күрес негізін мемлекеттік құрылымдар қызметінің мейлінше ашықтығы, айқындылығы, қоғамдық бақылаудың болуы, қызметіне, лауазымына, беделіне қарамай заңнаманы бұлжытпай сөзсіз орындау құрайды. Әрекеттері алдымен сыбайлас жемқорлық көрінісі ретінде байқалған, жасырын хабарларда келтірілген кісілерді, салаларды анықтап алу, сыбайлас жемқорлықпен ұйымдастырылатын күрес тиімділігіне қол жеткізу қоғамдық және тәуелсіз ұйымдар бірлескен әрекеттестігінсіз және қолдауынсыз мүмкін емес. Қоғамдық ұйымдар мен комиссиялар әрекетін ашықтық, айқындық болуы шарт  және оларға бақылау қою қажет (тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Кеңес, Этикалық Кеңес, Марапаттау және тарификациялау және т.б.) орын алған сыбайлас  жемқорлық көріністері және тәртіп, Намыс Кодексін, Университет жарғысын бұзушылықтар бойынша келіп түскен шағымдар мен хабарларды қарастырады. Еңбегі бойынша жеке жалақыны және ПОҚ сыйақыны беру бойынша комиссия жұмысы мейлінше әділеттілікті және қызметтің ұтымды өлшемдерін талап етеді.

ПОҚ арасында аттестацияны және конкурсты өткізгенде оқытушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасына назар аударылады, олардың жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған шараларға қатысуы ескеріледі.

Оқытушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларды (үлгермейтін студенттер, сабаққа келмегендер, оқу тәртібін бұзғандар) болдырмайтын үзіліссіз тәрбие жұмысын өткеруге құрылымдардың басшылары мен кафедра меңгерушілері міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қызметкерлерді жұмысынан шығаруға дейін және оның қарауындағы басшысын лауазымынан босату туралы ұсыныс жасау қажет. Жүйелі түрде сабаққа үлгере алмайтын студенттердің емтиханды «табысты» тапсырғаны туралы емтихан құжаттарын, емтиханды  комиссияға тапсыру нәтижелерін бақылау керек сондай-ақ Намыс Кодексін бұзғандарды емтихан өткізу үрдісінен аластату қажет. ПОҚ жұмысына аумақты бақылау қою, емтихан алушы оқытушы мен емтихан тапсыратын студенттердің қарым-қатынасын шектеу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа ыңғай танытқан трайбализм, студенттердің сыйлықтары, ағымдық, авторлық құралдарды сату, әдістемелік нұсқауларды сату, лауазым беделін пайдалануда байқалған оқытушыларды ашық және жариялы түрде жазалау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарланған мінез-құлықты қалыптастыру және оны дамыту кафедра, факультет және университет деңгейлерінде өткерілетін шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрастырылған Бағдарламаны жүзеге асыру барысы БАҚ, «Шипагер», университет сайтында жарияланып тұруы керек.

Қабылдау комиссияларының жұмысы және абитуренттерді, магистранттарды, резиденттерді, докторанттарды қабылдау кезіне қатаң бақылау енгізуді Бағдарлама ұйғарады, оқу-білім беру үрдісін өткізу де жүйелі бақылауға алынады. Осы жуыр арада оқу-білім үрдісінің кейбір аспектілері бойынша студенттер мен оқытушылар қарым-қатынасы электрондық форматқа көшіріледі. Деканат тарапынан қабылдау комиссиясының және жатақханалардағы орындарды бөліп беру жұмысы студенттер мен ата-аналар арасында жариялылық, ашықтық принциптері бойынша бақылауға алынады.

Студенттік қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастыққа және әрекеттестікте болу, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған Бағдарламаны жүзеге асыруда студенттер бастамашылығына мейлінше қолдау көрсету өте маңызды. Мұндай әрекеттестік рет-жөні:

–         жатақханадағы орындарды бөлетін комиссия;

–         қабылдау комиссиясындағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы түскен шағымдарды қарайтын комиссия;

–         Этикалық, Тәртіп Кеңестері отырыстарына қатысу;

–         сыбайлас жемқорлықтан таза білім алуға арналған ҚазҰМУ студенттерінің Алматы қаласы жастар ұйымдарымен бірлесіп акция өткізу;

–         университетте сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес саясатын жүзеге асыруға қатысқан студенттерді мадақтау, бұл үрдіске белсенді қатысуға қызығушылық тудыру;

Оқудағы үздіктерді марапаттаумен қатар сабаққа үлгермейтін, білім алуға ықыласы жоқ студенттерді университеттен шығару қажет: пара берушілер тобын осылар құрайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын орындау сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарын жүзеге асыру арқылы жүргізілмек. Бағдарламаның орындалуына Ғылыми Кеңес бекіткен жұмысшы тобы жалпы бақылау қояды.