2012 жылы 2-13 сәуір аралығында визитинг-профессор, педагогика ғылымының докторы, Вадим Сергеевич Аванесовтың оқыту курсы өтті (Ресей, Мәскеу)




17.04.2012

В.С.Аванесовтың сабағы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың тестілеу және коммуникативтік дағдылар орталығының базасында өтті. Оның жаңа педагогикалық әдістемесі бойынша біздің университетіміздің 27 оқытушылары дәріс алды. Оқытушылар кванттық текстерді, тест үлгісіндегі тапсырмалар мен клиникалық жағдаяттарды құру техникасын  меңгерді. Оқыту курсын өткен барлық профессор-оқытушылар құрамына сертификат берілді.