9 мамыр Ұлы Жеңіс күні және 7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында




10.05.2012

7 мамыр күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде  9 Мамыр Ұлы Жеңіс күніне және 7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне  арналған салтанатты жиын өткізілді. Университетімізде 7 соғыс ардагері, 9 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, 104 тыл еңбеккерлері бар. Мерекелік шараға 70-ке тарта арнайы шақырылған Ұлы Отан соғысының  ардагерлері мен  тыл еңбеккерлері және университет әкімшілігі, оқытушылар, студенттер қатысты. Мерекелік шара төрт  бөлімнен құралды. Салтанатты жиын, мерекелік концерт, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан батыр-дәрігерлер мәңгі ескерткішіне гүл қою, дастархан мәзірі.

Әскери кафедрасының оқытушысы полковник М.Қ.Шушбаевтың әмір  беруімен  салтанатты жиынды әскери кафедрасының  курсанттары ашты.  Қазақстан Республикасының Туы енгізілді. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Университетіміздің ректоры, профессор  А.А.Ақанов құттықтау сөз сөйледі. Ұлы Отан соғысының ардагері С.З.Сейітов сөз сөйлеп, соғыстағы ерліктерін қысқаша айтып өтті. Сонымен қатар  тыл еңбеккері, хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Кокеев Тұрар Қойшығараұлына да сөз берілді. Студенттер атынан жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті, Президенттік шәкіртақы иегері, оқу озаты Құлмағамбетов Мұхит ардагерлерді  Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап сөз сөйледі. 10 қазан 2011 жылғы № 159 Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай, әскери кафедрасының 8 оқытушысы, атап айтар болсақ, полковник  А.Қ.Абдимомынов, Қ.Д.Алшанбаев,  О.И.Заика, М.Т.Жақсыгелдинов,  В.С.Калистратов, М.Қ.Шушбаев, Қ.Б.Жарымбетов, А.Т.Лесбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл» медальдарымен марапатталды. Концерттік бағдарламада университетіміздің жанынан құрылған вокал, хор, драма көркемөнерпаздар үйірмелері өз өнерлерін көрсетті. Университет әкімшілігі  және университет кәсіподақ ұйымы Алмалы ауданында тұратын соғыс ардагерлеріне, университет ардагерлеріне және  тыл еңбеккерлеріне қаржы  жағынан, сонымен қатар азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Студенттердің  әлеуметтік-мәдени құзіретін қалыптастыру

басқармасының көркемдік жетекшісі С.А.Апсаттарова