Туберкулез тақырыбында оқылған лекциялар жайлы мәлімет




19.02.2013

19.02.2013 ж. сағ 11.40 – 12.30-да Тәрбие жұмысының салауатты өмір сүру қалыптастыру бойынша,Әлеуметтік-тәрбие істер жөніндегі басқармасының қатысуымен, АТУ-нің дәрісханасында «Фтизиопульмонология» кафедрасының доценті Қасенова Л.Ш., интернатура студенттері: Домбаева Г., Дуржанова Ғ., Жангирова А., Жеткербаева Т., Махкамова Э. қатысуымен «Біз туберкулез жайлы не білеміз?», «Туберкулезден сақтану», «Туберкулез қоздырғыштары», «Туберкулездің ерте анықталуы» жайлы тақырыптарда лекция оқылды. Лекцияға 100-ге жуық  1 курс студенттері қатысты. Лекция қазақ бөліміне оқылды. Тақырып бойынша студенттер көптеген сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. Лекция соңында сұрақ қойған студенттерге естелік ретінде қалам мен күнтізбелер табысталды.