- Сауалдаманың мақсаты: ҚазҰМУ білім беруіне студенттердің қанағаттану деңгейін бағалау
- Мақсатты топтар: ҚазҰМУ факультеттерінің 5 курс студенттері (жалпы медицина, стоматология, фармация, медициналық–профилактикалық іс) – ЖМББС–2006 бакалаврының бірінші жылғы түлектері
- Берілгендерді жинау және өңдеу: БСЗБжәнеМБРҒН Орталығы, SPSS бағдарламасы
Сауалдама нәтижесі бойынша қорытындылар:
1) Жалпы медицина факультеті студенттерінің білім беру бағдарламаларына қанағаттану деңгейі анықталды:
4–деңгей (толық қанағаттанған) – 68%
3–деңгей (көпшілік айқындамалар бойынша қанағаттанған) – 25%
2–деңгей (ішінара қанағаттанған) – 6%
1–деңгей (қанағаттанбаған) – 2%
2) ҚазҰМУ кафедраларында сабақтардың әдістемелік қамтамасыз етілуіне қанағаттану деңгейі
4–деңгей (толық қанағаттанған) – 57%
3–деңгей (көпшілік айқындамалар бойынша қанағаттанған) – 25%
2–деңгей (ішінара қанағаттанған) – 16%
1–деңгей (қанағаттанбаған) – 2%
3) Удовлетворенность студентов методами преподавания практических навыков на кафедре
4–деңгей (толық қанағаттанған) – 53%
3–деңгей (көпшілік айқындамалар бойынша қанағаттанған) – 29%
2–деңгей(ішінара қанағаттанған) – 13%
1–деңгей (қанағаттанбаған) – 5%
4) 4 факультет бакалаврларының (жалпы медицина, фармация, стоматология, медициналық–профилактикалық іс) құзіреттіліктерін қалыптастыруға негізделген медициналық білім беру үлгісі сәтті жүргізілуде. Оған сауалдамаға қатысушы көптеген тұлғалардың берген жауаптары куә болып табылады (83%);
5) ҚазҰМУ–де соңғы 2 жылда болған өзгерістер (материалдық–техникалық, әдістемелік, оқыту) көптеген сауалдамаға қатысушы бакалаврларды қанағаттандырған (81%);
6) Студенттер өз бетімен үйреніп, ізденуге саналы қарайтын болды (77%);
7) Көптеген сауалданушылардың пікірі бойынша кафедраларда және тәжірибелік дағдылар орталығында өздерінің болашақ мамандықтары үшін тәжірибелік дағдылардың және оны қалыптастырудың әдістемелерінің маңыздылығы олардың күтілулеріне сай болып табылады (82 және 76% сәйкес);
8) ҚазҰМУ оқытушыларының коммуникациялық дағдылары көп жағдайда сауалдамаға қатысушы студенттердің күтулеріне сай (89%);
9) Сауалдамаға қатысқан бакалаврлардың 2/3–і әлемде білім берудің дамуы жөнінде хабардар (73%) .
Ескерту: Студенттердің қанағаттану деңгейін бағалау нәтижесі бойынша толық есеп университет басшылығына, декандарға және ОӘЖД, оқу департаменттерінің директорларына таныстырылған.