Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығындағы «Радуга» тұлғалық өсу клубы Ертегітерапияны зерттеуді аяқтады




01.04.2013

Тұлғалық  өсу клубы «Радуга» және оның белсенді қатысушылары «Ертегітерапия» психотерапевтік әдісті зерттеу мақсатында10 кездесу өткізді (22.11.2012 – 27.12.2012).

«Ертегітерапия»-ертегінің метафоралық ресурстарын қолдана отырып, адамдардың өзіндік санасын дамытуға, өзімен-өзі болуға, қоршаған адамадармен жақын қарым-қатынас орнатуға септігін тигізетін практикалық психологияның бағыты. Ертегітерапевт клиентке ертегімен жұмыс жасата отырып (клиент оқи отырып, өз ойынан шығара отырып, соны ойнай отырып  жалғастрырып) өмірлік проблемаларын, қиындықтарын  шешуге жағдай туғызады. Жұмысты топпен және индивидуалды жүргізуге болады.

Жетекші – кеңесші: клубтың кураторы, психиатр-резидент Т.В. Фоменко ҚазҰМУ.

Жауапты жүргізушілер: Фариза Утешева (4 курс, стом.факультеті),  Диас Арстанбеков (3 курс, стом.факультеті). Тренингті жүргізуде белсенді қатысқан Рахимбердина Альфия (4 курс, ЖМ,ҚазҰМУ), Абатова Сауле (психолог).