Биік мінберде өзекті мәселе талқыланды




22.04.2013

2013 жылдың 11 сәуірінде елдордада халықаралық «Қазақстан Республикасында жоғары білімді қамтамасыз ету жүйесі: Болон процесіндегі жаңа сын-қатерлер» конференциясы өткізілді. Жоғары білім сапасын қамтамасыз ете отырып, ұлттық жүйені жетілдіру және инновациялық тұрғыдан тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шараға Харутюнян Гаяне (Болон процесін жүзеге асыру боынша жұмыс тобы хатшылар алқасының жетекшісі), Колик Тук (EQAR хатшылар алқасының директоры), Тови Блитт Хольмен (жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық Қауымдастығы EQAR кеңесінің мүшесі), Биргер Хендрикс (бизнес-басқару халықаралық аккредитциялау қорының өкілі (FIBAA)) және ҚР БжәнеҒМ өкілдері, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, ҚР бжәнеҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры қатысты.

Айтулы шараға университетіміздің  Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры Абирова М.А., оқытушы Қашағанова К.Т. қатысып, «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі» көрмесінде тәуелсіз «Акредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің сараптамасынан өткен (Сертификат №АА-0001. 13.02.2013 ж) «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың білім беру бағдарламаларын»  көпшілік назарына ұсынды.

«Білім сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі: Еуропа тәжірибесі» тақырыбындағы панельді мәжілісте акредитациялық қызметтердің ұлттық нарықты дамытудағы рөлі, еуропалық және ұлттық білімнің сапасын арттыру құралдары, тетіктері, Қазақстан жоғары оқу орындары білім беру қызметінің сапасын тәуелсіз бағалау көрсеткіштері талқыланды.

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті