1 қыркүйек күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Университетімізге түскен 1 курс студенттері білім ордасының ұжымымен танысты. Алғы сөзбен университет ректоры, профессор А.А. Ақанов студенттерді айтулы мерекемен құттықтап, жаңадан келіп отырған студенттерге оқу барысына сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының басталуына орай университет туы көтерілді. Жиынның жалғасы «Сoncordia» театрында өтіп, 1 курс студенттері университет ректорымен кездесті. Содан соң, әр факультет өз декандарымен кездесу жүргізді.
1 қыркүйек – Білім күні
03.09.2013