Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, кафедра меңгерушілеріне, модуль жетекшілеріне




11.12.2013

 

ХАБАРЛАМА

 

Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебі ағылшын тілі курстары мен ой мен жылдам оқуды дамыту курстарын қызметкерлердің өз қаражат есебінен өткізуді ұйымдастыруда.

Ағылшын тілі курстарын Tamos Education компаниясының оқытушылары жүргізеді (еңбек өтілі 20 жылдан кем емес), сабақ кестесі тыңдаушылардың ыңғайлылығына қарай бекітіледі. Сабақ қызметкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қарай топтарға бөлініп, өткізіледі. Ағылшын тілін меңгеру деңгейлері алдын ала тесттік сынақ арқылы анықталады. Әр деңгейдің жалғасу уақыты – 4 ай. Бір топта тыңдаушылардың саны – 10 адам. Корпоративтік жеңілдіктерді қоса алғанда оқу бағасы 1 айға – 15.600 теңге + 7.200 теңге  оқу материалдары (3.500 теңге Work Books&Students Book, 3.200 теңге Grammar Book, 500 теңге CD).

Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебі сонымен қатар 55% дейінгі жеңілдікпен Халықаралық жылдам оқыту мектебімен  «ISFER»(International school of fast reading)келісе отырып курстар ұйымдастыруда. «ISFER» аз уақыт ішінде ең жоғарғы көлемде ақпараттарды есте сақтау бағдарламалары жасалған. Шет тілдерін меңгеру, сонымен қатар географиялық, тарихи және т.б., түрлі сандар мен күндерді есте сақтау тренингтік әдістемелрі ұсынылады. Әр бір деңгей белгілі зейіндерді – оймен, вертикалды, диоганалды және т.б. оқу әдістерін жетілдіреді. Әр деңгейді аяқтау кезінде  сертификат табысталады. Толық оқу бағдарламасы 6 деңгейден тұрады. 1 деңгейдің жалғасу мерзімі – 1 ай. Әр бір деңгейдің оқу бағасы – 18.000 теңге (2 академиялық сағаттан, аптасына 2 рет, айына 8 сабақ). Барлық деңгейді аяқтаған кезде 5-20 есеге дейінгі жылдамдықта оқуға, толығымен және тереңінен кез келген ақпаратты меңгеруге болады.