БІЛІМ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ РЕФОРМАСЫН ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ ОРТАЛЫҒЫ
БСЗБ және МБРҒНО, ОӘЖД, ТОП-100 2011-2012 оқу жылында
NOW HOW (ҚАЛАЙ БІЛЕМ…) ОҚУ-БІЛІМ БЕРЕТІН ЖОБАНЫ
өткізуді талаптануда
оның мақсаты:
- жаңа, бірегей, авторлық, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарды және технологияны демонстрациялау;
- білім беру технологиясы аясында қызықты идеяларды қозғау;
- университеттің оқытушылары мен студенттерінің инновациялық жұмысын дамыту және ынталандыру;
- оқыту үрдісіне технологияның мультимедиясын белсенді енгізу.
ЖОБАҒА ҚАЗҰМУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТТІҢ БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРЫ ШАҚЫРЫЛАДЫ!
Жобаның басталу сәті – 19 қыркүйек 2011 жыл
Аяқталуы – 26 қараша 2011 жыл
Нәтижесін жариялау –Университет Күндері.
Жоба аясында жүргізу жоспарлануда:
1) үздік интерактивті (инновациялық) сабақ (дәріс) конкурсы;
2) «Білім берудегі мультимедиа» фестивалі;
3) «педагог-қамқоршыдан педагог-менеджерге» тренинг-конференциялар;
4) Медициналық ЖОО –да оқытудың инновациялық әдістері бойынша семинарлар;
5) кері байланыс («Әсер» дөңгелек үстел, сұрақнама алу);
6) үздік жұмыстарды сайтта орналастыру, «ҚазҰМУ жаршысы» жариялым;
7) фестивалдың барлық қатысушылары «сертификат» алады.
Жобаны жүзеге асыру:
ҮЗДІК ИНТЕРАКТИВТІ (ИННОВАЦИЯЛЫҚ) САБАҚ (ДӘРІС)КОНКУРСЫ
КОНКУРСТЫҢ шарты:
- ҚазҰМУ барлық оқытушылары қатыса алады;
- Интерактивті, инновациялық форматтағы тәжірибелік сабақтар мен дәрістер;
- 3 тілде өткізіледі (қазақ, орыс, ағылшын);
- 2 сатыда өткізіледі – факультеттік және университеттік деңгейде;
- 1-ші сатысының өткізіледі – 19 қыркүйек – 29 қазан 2011 жыл;
- 2-ші сатысының өткізіледі – 31 қазан – 20 қараша 2011 жыл;
- Конкурстың қазылар алқасы 7 финалистерін таңдайды, білім беретін материалдар университет сайтында орналастырылады;
- 1,2,3 орынды иеленген жүлдегерлер Университет Күндерінде марапаттау жоспарлануда (3-4 желтоқсан 2011 ж.);
- Барлық конкурсанттар конкурстың 2-ші сатысында қатысушылардың Дипломын алады.
Конкурстың 1 сатысы оқу департаменттерімен бірлесіп деканатпен өткізіледі.
- Конкурстың соңында осы сатының нәтижесі бойынша әрбір факультет конкурстың 2-ші сатысына қатысатын үміткерлерді анықтайды. Ол үшін деканатпен конкурсқа қатысу үшін ҚазҰМУ БСЗБ және МБРҒНО директорының атына сұраным рәсімдейді:
БСЗБ және МБРҒНО директоры, м.ғ.д. С.С.Сарсенбаеваға
«Үздік интерактивті (инновациялық) сабақ (дәріс)»
конкурсқа қатысуға сұраным
№ | факультет | кафедра | Оқытушының ТАӘ | лауазымы | сабақты (дәріс) өткізу әдісі | тақырыбы | студент тер контингенті |
Сұранымға видеоматериал (мүмкіндігінше) қоса беріледі. Қатысушылардың саны шеателмейді.
- Конкурсқа ұсынылған сабақ (дәріс) видеотаспалары болғандығына қолдау көрсетіледі;
Конкурстың 2 сатысы 2011 жылдың қараша айының соңында конференция түрінде өткізу жоспарлануда, бұнда үміткерлер презентация түрінде инновациялық концепцияларын ұсынады (10 мин. дейін).
Қазілар алқасы:
Төраға – ҚазҰМУ, профессор А.А.Ақанов.
Қазылар алқасының мүшелері: деканат, ОӘЖД, Оқу департаменттері, ББК, студенттер активінің өкілдері.
NOW HOW (ҚАЛАЙ БІЛЕМ…) оқу-білім беру жобасының аясында өткізіледі
«МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МУЛЬТИМЕДИА» ФЕСТИВАЛІ
Фестиваль 2011 жылдың 19 қыркүйегінен 21 қараша аралығында өткізіледі.
Барлығы – ҚазҰМУ студенттері, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар қатыса алады.
Конкурстық материалдарды ұсыну үшін қойылатын талаптар:
- форматтары – оқу және дидактикалық видеоматериал, мультимедиялық презентациялар, медициналық ЖОО оқытуда қолданылатын инновациялық және интерактивті әдістер, сонымен қатар ұйымдастыру-тәрбие жұмысы бойынша видеороликтер көрсетіледі;
- видеоматериалдың көлемі –30 мин.дейін;
- мерзімдері – оқу мультимедиаматериалы электронды тасымалдаушыларда- CD/ DVD (флеш-карта қабылданбайды) 1.11.2011ж. дейін тапсырылуы қажет;
- қатысушының сұранымы тікелей БСЗБ және МБРҒН орталығына 01.11.2011ж. дейін терілген, келесі күйде беріледі:
БСЗБ және МБРҒН орталығының
директоры, м.ғ. д. С.С.Сарсенбаеваға
«Медициналық білім берудегі мультимедиа» фестивальге қатысуға сұраным
№ | факультет | кафедра | Оқытушының ТАӘ | лауазымы | мультимедиа форматы | тақырыбы | студенттер контингенті | Электронды тасымалдауы |
Презентация,
Видеоролик және т.б. |
CD/ DVD |
Қатысушының қолы____________________
Сұранымды беру күні ____________________
- фестивальге қатысушылардың барлығы сертификат алады.
- 1,2,3 орынның жүлдегерлерін Университет Күндерінде марапаттау жоспарлануда (3-4 желтоқсан 2011 ж.).
СІЗДЕРДІ КОНКУРСТЫҢ ЖӘНЕ ФЕСТИВАЛДЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ АСЫҒА КҮТЕМІЗ!
ИНИЦИАТИВТІ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ БОЛЫҢЫЗДАР!