Құрметті Ұстаздар!




30.09.2011

Сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтаймыз! Мұғалімдер күні – бұл бір ерекше мереке! Сондықтан бүгін баршамызға қуанышты күн. Қандай адам болмасын мейлі ол шахтер болсын, дәрігер болсын немесе президент болсын бәрі де осы ұстаздарымыздың білім нәрімен сусындаған азаматтар. Келешек жас ұрпақтың тәрбиесі мен білімі осы аяулы ұстаздарымыздың қолында, бүкіл ауыртпашылықтың бәрі ұстаздарымыздың мойнында. Олай болса ертеңгі болашағымыз қалай болатындығы ұстаздарымызға байланысты.

Олай болса, әркім өз ұстазын қадірлей білу қажет!

Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұр жаңғырып.

 

Емдеу факультеті