05.10.2011ж. Даңқ залында профессор Зигмунд Блувбандтың бұхаралық дәрісі өтті




10.10.2011

05.10.2011ж. Даңқ залында  ( АҚШ ) Халықаралық Сапа академиясының акдемигі,  сапаны жетілдіру және зерттеу үшін компютерлік бағдарламалармен жабдықтаушылар арасындағы үздігі, сенімділік пен сапаны қамтамасыз ету саласындағы “ALD ” компаниясының  халықаралық тобының президенті, визитинг-профессор Зигмунд Блувбандтың бұхаралық дәрісі өтті.

Дәріс тақырыбы «Сапаны басқару – кеше , бүгін , ертең:әлемдік тәжірбиенің 100 жылы. Үрдістiк ыңғай,менеджерлер және топжарушылар, «Алты симгаға» кіріспе.

Дәрісті 205адам — студенттер , магистранттар , СМЖ-нің ішкі аудиторлары, құрылымдық бөлімшелердің сапа  ісіне жауаптылары, ҚазҰМУ-нің құрылым жетекшілері және Университет қонақтары: жұқпалы ауруларға қарсы препараттың Ғылыми орталығының,  «Медонтик» ЖШС-нің, «Қызылмай» ғылыми кәсіпорынының, ТВА ҒЗИ, АТУ-нің сапа бойынша менеджерлері тыңдады.

Дәріс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, бірінші минуттан-ақ дәріскер тыңдаушылармен тікелей байланыс орнатты, материал көрнекті бейнероликтермен, күнделікті өмірден алынған мысалдармен және әзілді түсініктемелермен қатар берілді. Риза болған аудитория дәріскерді бірнеше рет қол шапалақтап қоштап отырды.

Доктор Блувбанд университетке денсаулық сақтаумен фармациядағы менеджмент және маркетинг кафедрасының және СМЖ бөлімінің шақыруымен «Менеджмент негіздері. Басқаруды талдау: сапаны басқару» пәні бойынша студенттерге сабақ жүргізу үшін шақырылды. Сабаққа СМЖ-нің ішкі аудиторлары да тартылды. Негізгі міндеті —   университет қызметкерлерін және студенттерді сапаны бақылаудың статистикалық әдістеріне үйрету.  Сабақ 05.10.2011ж. және 11.10.2011ж. аралығында өткізіледі.