Аймақтардағы интерн-педиатрлардың оқу үрдісін ұйымдастыру




10.10.2011

Интерн-педиатрлардың сапалы дайындығын жүзеге асыру үшін педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасының қызметкерлері Қаскелең қ., Талғар қ. балалар клиникасы, Іле аудандық ауруханасына  ОАА  апта сайын барып тұрады.

Қазан айының 4 – 5 күндері кафедра доценттері Давлетгильдеева З.Г. және Абдрахманова Г.Е. Талдықорған қ. интерн-педиатрларын тексерді, 6 – 7 қазанда доцент Көшербеков Е.Т. және ассистент Баймаханова Н.Т. Тараз қаласында болды.

Кафедра доценттері тәжрибе жетекшілері Сламбекова Л.Т. (Талдықорған) және Ли И.Л. (Тараз қ.) кездесті, аймақтардағы жетекшілер интерндердің сауатты, тәртіпті, маман ретінде теориялық және тәжрибелік дайындықтарының жоғары екендігін атап өтті. «Жас педиатр мектебі» аясында интерн-педиатрларды тексеру барысында кәсіби бейімділікке бағытталған 706, 707, 709 топтарына  (Талдықорған қ.) «Кардиолог күні»,  702, 713 топтарына (Тараз қ.) «Пульмонолог күні» ғылыми-тәжрибелік конференциялары өткізілді, ол жерде балалар кардиологиясы мен пульмонологиясының өзекті сұрақтары қарастырылды. Педиатрияның негізгі бөлімдері бойынша интерн-педиатрлардың теориялық білімін ағымды бақылау жүргізілді, науқасты дәрігерлік қарау бойынша тәжрибелік дағдылары тексерілді, күрделі клиникалық жағдайлар талданды, интерндердің жұмысшы құжаттарды (күнделік, емдеу журналы) толтыру сапасын тексеру жүзеге асырылды.

Аймақтарда бола отырып, басқа кафедралардың интерндеріне, акушер – гинекологтарға, терапевтерге, эндокринологтарға, хирургтарға да назар аударылды.

Қорыта келе, аймақтардағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуының жақсы, әртүрлі маман интерндерінің оқу және емдеу құжаттарын жүргізуі қанағаттанарлық екендігін атап өткіміз келеді.

 

 

Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы