№1 Бала аурулары кафедрасы




19.07.2011

1992 жылы ҚазММУ ректорының бұйрығымен педиатрия факультетінің түлектерін дипломнан кейін жоғары мамандандырылған оқытудың қажеттігінен педиатрлар үшін интернатура кафедрасы ұйымдастырылды, кейіннен балалар аурулары кафедрасына қосылды. Кафедраның негізі қаланғаннан бастап, 2008 жылдың 22 қыркүйекте қайтыс болған медицина ғылымдарының докторы, профессор Мажитова Зайра Хамитқызы басшылық етті. Жоғары білім беруді реформалау үрдісінде 1996 жылы балалар ауруларының пропедевтикасы, ал 2002 жылы – медбике ісі курсы қосылды. Кафедраның педагогикалық жұмысының ерекшеліктері, студенттерді университетке түскеннен бастап интегрирленген, сонымен қатар интернатура мен ординатурада дипломнан кейін оқыту болып табылады.

2008 жылдан бастап, 4 және 6 курс студенттеріне, резиденттерге «Балалар аурулары» пәнінен сабақ беріледі.

З.Х. Мажитова – бірінші кафедра меңгерушісі, 5 жыл бойына ғылыми жұмыс бойынша проректор, сосын ҚазҰМУ ғылыми жұмыс жөніндегі ректордың Кеңесшісі болып қызмет атқарған. Зайра Хамитқызы Қазақстанның ғылыми және педагогикалық жұртшылығының ортасында орасан зор беделге ие болды, сонымен қатар медициналық білім берудің Интернационалды Академияның мүшесі (Гамбург), педиатрлардың Халықаралық қоғамының, Түрік тілдес елдер педиатрлар қоғамының, Азия және Тынық мұхиты гастроэнтерологтар Қауымдастығының, Еуропалық респираторлық қоғамының, сонымен қатар «Қазақстанның педиатриясы және балалар хирургиясы» жұрналы редколлегиясының мүшесі. Профессор З.Х.Мажитова – 300 астам ғылыми мақалалар мен тезистердің, 26 өнертабысқа предпатенттердің, 3 оқу құралының, 2 монографияның, «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласының» авторы. Зайра Хамитқызының жетекшілігімен 4 докторлық және 26 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның шәкірттері Қазақстанның, Ресейдің, Люксембургтың, Германияның медициналық мекемелерінде еңбек етуде.

В.А.Лебедева, медицина ғылымдарының докторы, профессор – 1952 жылы құрылған балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасына 20 жыл бойына басшылық етті (1968-1989 ж.ж.). Валентина Андреевна ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы балалар аллергологиясының негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалды. 1989 – 1996 жылдар арасында балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасына м.ғ.д., профессор Т.М.Имамбаева жетекшілік етті, қазіргі таңда педиатрия факультетінің деканы болып қызмет атқарады.

2008 жылдың 23 қыркүйектен бастап, кафедраның меңгерушісі ретінде, профессор З.Х.Мажитованың шәкірті, медицина ғылымдарының докторы Сарсенбаева Сауле Серғазықызы басшылық етеді. С.С. Сарсенбаева Түркі тілдес елдердің педиатрлар Қоғамының, педиатрия факультетінің ОӘК, ҚазҰМУ акушерлік, гинекология және педиатрия бойынша ҒЖМК мүшесі, 80 мақалалар мен тезистердің, 3 оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, сонымен қатар кардиология және нефрологиядан 2 оқу құралының, экологиялық педиатрияның 2 монографияның, «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клинико-морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласының» серіктес авторы. С.С. Сарсенбаева – Халықаралық Орегондық университеттің (АҚШ), Технион Университетінің (Израиль), ҚР нефрологтардың Халықаралық және Қауымдастығы куәлігінің иегері.

Қазіргі таңда кафедрада 16 адам, профессор-оқытушылар және көмекші құрамы қызмет атқарады, 1 медицина ғылымдарының докторы, 5 доцент – Г.А.Шәкім, К.Қ.Орынбасарова, Ш.Х.Рамазанова, М.И.Аппасова, З.Г.Давлегильдеева, 3 ассистент, медицина ғылымдарының кандидаты – З.Қ.Ержанова, С.В.Чой, Н.А.Сағатбаева, ассистент – Р.Қ.Мұсабекова, А.Ж..Жүнісова, А.Е.Досметов, Н.С.Жұбаныш, Л.Ж. Үмбетова.

Кафедраның қызметкерлері денсаулық сақтау ұйымдарына, студенттер мен резиденттерге сабақ беретін, 1 ҚКБА, 2 ҚКБА, «Ақсай» РКБА клиникалық базаларда үлкен практикалық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуде. Доцент Ш.Х.Рамазанованың бастамасымен 2009 жылдан бастап, № 11 емханада (Айнабұлақ ықшам ауданы) Қалалық емхананың қызметкерлеріне практикалық және білім беру көмектері көрсетілуде, онда ай сайын тақырыптық семинарлар ұйымдастырылады.

2008 жылдан бастап, кафедрада педиатрияның әртүрлі саласынан – нефрология, кардиология, аллергология, неонатология, пульмонология, эндокринология, гематология жетекші мамандарын шақырумен «Жас педиатрлар мектебі» аясындағы студенттік конференциялар ай сайын өткізіледі.

2008 жылдан бастап, педиатрия бойынша резиденттерді дайындау жүргізілуде, онда тек қана кәсіби мамандығына ғана емес, сонымен қатар коммуникативті және шешендік шеберлікке оқытылады.

Кафедрада студенттермен, интерндермен және резиденттермен белсенді тәрбие жұмысы жүргізіледі. Педиатрия факультетінің ардагерлерін құрметтеу бойынша шаралар, Наурыз мерекесі, «Дәрігер және медбике жұмысындағы этика және деонтология», «Азаматтық қорғаныс» конференциялары, Республика Күніне арналған «Халықтар Достығы» фестивалі (26.10.2008 ж.) өткізілді. ҚазҰМУ тәрбие жұмысы жөніндегі Басқармасымен бірігіп, 2009 жылы «Отбасы күні», «Балаларды қорғау күні» жоғары оқу аралық студенттік конференциялар ұйымдастырылып, өткізілді.

2009 ж. №1 Бала аурулары кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен студенттер мен резиденттер Алматы қаласының жоғары оқу орындарында – ІІМ Академиясында, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде, Қазақ қыздар педагогикалық университетінде, Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінде оқитын жастар үшін маңызды тақырыптар бойынша: «Жастарда АИВ-инфекциясының профилактикасы», «Туберкулез», «Жасөспірімдер мен жастарға шылым шегудің жағымсыз әсері», «Тастанды балалар – қоғам мәселесі» және т.б. бірнеше рет тақырыптық семинарлар өткізді.

Кафедраның соңғы 5 жылдықтағы жетістіктері:

-ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу: «Экологиялық педиатрияның өзекті мәселелері: өткені, бүгін, болашағы» (Алматы қ., 23-24 мамыр 2008 ж.), «Балалар мен жасөспірімдердегі тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы мен емінің жаңа технологиясы» (Алматы қ., 22-23 наурыз 2009 ж.), «Жүрек-қан тамырлардың ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған көмек мәселелері» (Алматы қ., 3-4 желтоқсан 2009 ж.);

– «Балалар мен жасөспірімдердегі тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы мен емінің жаңа технологиясы» (Алматы қ., 22-23 наурыз 2009 ж.), «Жүрек-қан тамырлардың ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған көмек мәселелері» (Алматы қ., 3-4 желтоқсан 2009 ж.) конференциялардың материалдары бойынша ғылыми еңбектердің 2 жинағы баспадан шықты;

– «Экологиялық педиатрияның өзекті мәселелері: өткені, бүгін, болашағы» (Алматы қ., 23-24 мамыр 2008 ж.) конференцияның материалдарымен ҚазҰМУ Хабаршысының Арнайы басылымы баспадан шықты;

– студенттер мен дәрігерлерге арналған доцент Г.Ә.Шәкімнің және З.Г. Давлетгильдееваның редакциясымен авторлық ұжымның 2 қазақ тілінде «Педиатриядағы сырқатнама», «Балалардағы жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы» оқу құралы баспадан шықты.

№1 Бала аурулары кафедрасы ғылыми – практикалық жұмысының айқын оқиғасы ретінде З.Х.Мажитованың редакциясымен Халықаралық Ғылыми – техникалық орталықтың (ХҒТО) гранты бойынша «Қазақстанның экологиясы қолайсыз аймақтарда тұратын балалар ағзасына химиялық және радиациялық жүктемені анықтау» (2003-2005 ж.ж.) Ғылыми – техникалық бағдарламаны орындау болып отыр, оның нәтижесі ретінде «Балалардағы экологиялық тәуелді аурулар» монографиясы және «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық – морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласы» (орыс тілінде) жарыққа шықты.

Жапония, Швеция, Германия, Италия, Люксембург және Ресейдің әртүрлі саладағы медициналық мамандардың қолдауымен және ынтымақтастықтың арқасында жұмыс жасау кезеңінде 16 ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар орындалды. Кафедрада Қазақстанның медицинасындағы жаңа бағыты – экологиялық педиатрия құрылды, ол көптеген бағыттардың – генетика, пульмонология, гематология, гастроэнтерология, эндокринология, дерматология, нефрология және т.б. дамуында негізі болып табылады. Кафедраның қызметкерлері педиатрияның өзекті мәселелері бойынша әртүрлі халықаралық форумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр дағдыларын қалыптастыру

Жаңалыктар

«Аксай» РБКА базасындағы №1 балалар аурулары кафедрасында 2010 жылы 15 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ-ТӘУЕЛСІЗДІК» атты конференция өткізілді. Конференцияда «Аксай» РКБА – ның директоры, м.ғ.к. Абдибеков М.И. және кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Сарсенбаева С.С., оқу ісінің меңгерушісі доцент Рамазанова Ш.Х. сөз сөйледі. Сонымен бірге ассистенттер және кафедраның резиденттері мынандай тақырыптарға баяндама жасады: «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған», «Желтоқсан алауы-тәуелсіздік бастауы», «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан», «Казахстан Республикасының жетістіктері», «Еркіндік, татулық, теңдік мұраттарын ту еткен ел», «Болашақ Қазақстанның даму стратегиясы».

IMG_2792 IMG_2733

 

2011ж. 19-20 сәуірде Мәскеу қаласы Пирогов атындағы РММУ ТМД федерациясы педиатрлардың ІІІ конгресі өтті, онда Совет Одағы кеңесі дәуірінен кейінгі 9 тәуелсіз мемлекеттердің және Израилдің өкілдері қатысты. Конгреске Қазақстаннан проф. Диқанбаева С.А. және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 Бала аурулары кафедрасының меңгерушісі проф. Сарсенбаева С.С. қатысты. Конгресс туралы ақпарат 2011ж. 25 сәуір күні «Ақсай» РКБА дәрігерлер конференциясында С.С.Сарсенбаевамен баяндалды. Конгреске қатысудың нәтижесінде – ҚазҰМУ №1 Бала аурулары кафедрасы қызметкерлерінің «Балалардағы аллергиялық ринит» (2012 жылдан бастап) ТМД педиатрлары федерациясының аймақаралық ғылыми-тәжірибелік бағдарламасына енгізілуі, №1 Бала аурулары кафедрасы 3 қызметкерлерінің ТМД педиатрлар федерациясына кіруі, ҚазҰМУ және РММУ ынтымақтастықта бірігіп жұмыс жасауға РММУ басшылығымен келісім жайында алдын ала келісім жүргілді.

 

2011ж. 29 сәуірде Алматы қаласы №1 ҚКБА С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ№1 Бала аурулары және Балалар хирургиясы кафедралары ұжымдарымен ұйымдастырылған «Балалардағы жедел асқазан-ішек жолдарының аурулары» ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті.

Конференцияда ҚР ҰҒА академигіК.С.Ормантаевтың, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 бала аурулары кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. С.С.Сарсенбаеваның,С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының профессоры,м.ғ.к. Қ.Т.Тұрсынов құттықтау сөздерімен басталды.

Конференцияда профессор Тұрсынов Қ.Т.,балалар хирургиясы кафедрасының доцентіМомынқұлов А.О., №1 Бала аурулары кафедрасының доценті Рамазанова Ш.Х., №1 Бала аурулары кафедрасының резиденттері Омарова М., Султангалиева З., Лопушинская О. баяндамаларымен шығып сөйледі.

Баяндамалардың тақырыптары педиятрия және хирургия салаларының өзекті мәселесі болып табылатын – іштің ауыру синдромына, салыстырмалы –диагностикалық жолдарына, соматикалық және хирургиялық этиологиядағы ішектің аурулары: балалардың жедел құрсақ қуысы аурулары,балалардағы жедел аппендицит және аппендикулярлы перитонит,ішектің инвагинациясы,тағы басқадааурулармен салыстырмалы ажырату, балалардағы асқорыту жолдары қызметінің бұзылыстары, салыстырмалы ажырату мәселелері, балалардың жұқпалы сырқаттарындағы құрсақ қуысының ауыру белгілері, алдын алу және емдеу әдістеріне арналды.

2011 жылдың 11-13 мамыр күндері №1 бала аурулары кафедрасының ұжымымен (ұйымдастыру комитеті проф. Сарсенбаева С.С., доц. Рамазанова Ш.Х.) және ҚР ДСМ педиатрия және балалар хирургиясы ҒО (проф. Аязбеков Е.А.) бірігіп, «Ару-Ана» (Даукеева Ж.) қайырымдылық ұйымын қолдау бойынша Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында «балалардағы сирек (орфанды) кездесетін аурулар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның бағдарламасында тұқымқуалайтын патологияның диагностикасы, емі және алдын алу бойынша сұрақтарды шешу аясында әлемнің жетекші мамандары қатысты.Балалардағы бұзылған зат алмасу аурулары. Халықта бұндай аурулар жетім (орфанды) аурулар деп аталады. Оларға Гоше, Ниман-Пик, Помпе, муковисцидоз, мукополисахаридоз жатады. Күмәнсіз бұндай аурулар Қазақстанда сирек тіркеледі –20-80 000 балаға 1 баладан, олардың диагностикасы молекулярлы-генетикалық әдістерге негізделеді. Дегенмен, ерте диагностикалаудың маңыздылығы арнайы орын басушы еммен негізделеді, ол аурудың ауыр асқынуларын болдырмауға және бала өмірінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Ресей, Польша, АҚШ елдерінен – профессор Капранов Н.И., Каширская Н.Ю., Симонова О.И., Финогенова Н.А., Анна Тулки-Шиманская, Эдвин Симонс, Семячкина А.Н. мамандаркелді.Олар өздерінің кәсіби білімдерімен және сирек кездесетін тұқымқуалайтын аурулары бар науқастарды жүргізген тәжірибелерімен, тактикаларымен бөлісті.

11 мамыр күнгі конференция аясында 4,6 курс студенттеріне, резидент-педиатрларға шеберлер – класы өткізілді, 13 мамыр күні ҚР ДСМ педиатрия және балалар хирургиясы ҒО емделіп жатқан муковисцидоз, мукополисахаридозы бар 15 астам науқастарға консультация жасалып, клиникалық талдаулар және олардың ата-анасымен кеңес жүргізілді.

2011 жылдың 13 мамыр күні кешке студенттер сарайында Қазақстанның эстрадасының жас жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдыздар қайырылымдылығы» қайырымдылық концерті болды. Қайырымдылық концерттен түскен барлық қаражаттар «Муковисцидозбен науқас балалар, мүгедек – балалар» қорына аударылды. Конференцияның қорытындысы бойынша ҚР ДСМ резолюциясы дайындалды. Болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.