Кураторлық сағат




19.07.2011

2010 ж. 21 қазанда ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы ЖМФ 008- 50/1 тобында «Менің елім Қазақстан: оның қалыптасу тарихы, рәміздері мен Қазақстан және ЕҚЫҰ» тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізілді.

Куратор – кафедра доценті, мғк Умарова С.У. Кураторлық сағат тақырыптық әдеби –музыкалық, отаншылдық шара түрінде жүргізілді.

Кураторлық сағатқа оқытушылар: доцент Китуева Р.Н., доцент Әліби Э.Б., ассистенттер Сүлейменова А.С. және Г.М.Өсербаева топтарымен қатысты. Шара жүргізушілер Әсем мен Алібектің сәлемінен кейін топтың бастауымен барлық қонақтардың қатысуымен ел ұраны: «Менің Қазақстаным» орындалды.

Әрі қарай Таджибаев Талгат «Қазақстан республикасының қалыптасу тарихы атты» дайындаған бейне-фильмды көрсетті.

Әрі қарай Таужанова Акмарал «Туған өлкем» атты тақпақ оқыды.

Жүргізуші Алибек: 4 маусым 1992 жыл – бұл күн біздің еліміздің тарихына алтын әріппен жазылды. Өйткені бұл күні Қазақстан Республикасының әлемде жаңа тәуелсіз ел барын паш етіп , дәледейтін мемлекеттік рәміздер қабылданды. Олар Ту, мемлекеттік елтаңбасы, герб, ән ұраны – бұл елдігіміздің ерекше белгілері – рәміздер тарихы туралы Баудунов Руслан мен Рахметова Асем айтып берді.

Жүргізуші Асем: Қазақстанда 120 ұлттың өкілдері тұрады.Қазақстан тұрғындарының санын 16 млн. адамдар құрайды. Қазақта мақал бар: «Құстың күші – қанатында, адам күші – достықта». Қазақтар –Қазақстанның ежелгі халқы. Қазақ халқы – өзіне тән заманнан келе жатырған мәдениеті, өзіндік әдет-ғұрпына адал, әуенділігі мен қонақжайлығы ерекше халық.

Жүргізуші Алибек: Отан –бұл адамның туып өскен жері. Қанатсыз құс болмайды, шыңсыз тау болмайды дегендей Отансыз адамда болмайды. Біздің барлығымыздың Отанымыз – Қазақстан; біз Отанымыздың тарихын, оның түп тамырын, ежелгі тарихын әрқашанда білуге міндеттімі, қаншалықты ағаш бұтақтары кеңге таралмасын, оның тамыры соншалықты нықты болуы керек.
«Халық дарынды болса – жері бай, дәулетті болады» деп айтқан адам шын мәнінде әділ айтқан. Қазақтарда мақал бар: «Қонақ келсе – құт, береке кіреді».

Жүргізуші Асем: астанамызға арналған «Елорда» атты өлеңді Сажанов Баходір оқып берді.

Жүргізуші Алибек: бүгүнде Қазақстан әр таңын аман-есендік пен бейбітшілікте қарсы алады. Бұл оның көптеген ұлтаралық нараздығы бар аймақтардан ерекшілігі мен жетістігі. Біз осы күн біздің жерімізде әрі қарай жалғаса беретініне және бүл сезім біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталатынына сенеміз. Егерде бізде ауызбіршілік пен өзара сыйластық болса, біздің еліміз- Қазақстан елі халықарлық әлемдегі өз мәртебесін нығайтып көркее береді.Соның бір дәлелі ретінде Қазақстанның биыл әлем жұртшылығының сеніміне бөленіп ірі ұйымға – ЕҚЫҰ- төрешілік етуі. Қазақстан өзіне тән бейбітшілік іс-әрекеттерімен міндетін табысты атқаруда және алда бұл үлкен істі абырой аяқтау мақсатында бар үмітімен 56 елдің басшшыларын 1-2.12.10ж. ел ордамыз Астанадағы Саммитке күтуде.

Жүргізуші Асем: Кұрметті достар! Елімізде татулық болсын! Сау болыңыздар!

Кездесу аяғында 08-043 топ студенті Абдулдаева Гульжан қатысушылар қолдауымен «Кең далам» өлеңін орындады.

Әрі қарай доцентттер Әліиби Э. Б., Китуева Р. Н. студенттер топға, кураторға осы шара өткізілуіне және өз еліне деген мақтанышы мен отаншылдық сезімді әрі қарай нығайту мүмкіншілігіне рақметін айтып, сөз сөйледі.