Тәуелсіздік – тұғырым




04.11.2011

Қараша айының 2 жұлдызында №1 студенттер үйінде  I курс студенттерінің қатысуымен  Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік -тұғырым» атты салтанатты кеш өткізілді. Кешімізге айтулы қонақтарымыз қатысып, өз лебіздерін білдірді. Сонымен бірге, қазақи салт-дәстүрді нақыштайтын сахналық қойылым қойылып, қыз айттыру, қыз ұзату, беташар, жар-жар секілді дәстүрімізді тарту етті. Ең кереметтісі көрермендеріміздің қазақтың жусан аңқыған ауылын сағынғандарын көздерінен байқағандай болдым. Бірақ, сол сәтте көрермендеріміздің сары далаға деген сағынышын өткір қалжыңдары арқылы көңілді тапқырлар клубының  ойыншылары баса білді.

«Құлақтан кіріп,бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй,» – деп Абай атамыз жырлағандай, кереметтей кешіміз күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілердің өнерімен тола түскендей. Соның бірі, қазақтың «Қара жорға» атты биін шетелдік достарымыз өз мәнеріне салып, көркемдеп кеш қонақтарына тарту  етті. Қорыта айтқанда, жастарымыздың өнерге деген талпынысының, ойлау қабілетінің өте жоғары екенін аңғаруға болады. Кеш ұйымдастырушылары Асқарбекова Әсел, Артықбаева Әсем және I курс студенттері Бакытжанова Акмарал мен Асылханов Ғалымжанның жүргізуімен өтті.

 

Жалпы медицина факультетінің

I курс студенті,

Бақытжанова Ақмарал Қуанышқызы