Жедел медициналық жәрдем беру




08.11.2011

Жедел  медициналық жәрдем беру кафедрасы ҚазММУ  Ғылыми Кеңесі шешімімен, ректордың  № 99 жарлығымен 1997 жылдың 23 мамырында құрылған.

Кафедраны ұйымдастыру міндеті №2 ішкі аурулар кафедрасының  доценті Қ.М. Тұрлановқа жүктелді.   Кафедра құрамында 12 қызметкер болды.

2000 жылдың тамыз айында ректордың № 535-Л (29.08.00) бұйрығы бойынша ЖМЖБ кафедрасы мен емдеу факультетінің шетел студенттеріне арналған №3 ішкі аурулар  кафедрасы  қосылып  жедел медициналық  жәрдем  беру, №3 ішкі аурулар  болып қайта ұйымдастырылды.

Кафедра штатына профессор Даулетбақова М.І., 2 доцент, 2 ассистент кірді.

2001 жылы ЖМЖБ, №3 ішкі аурулар кафедрасында профессор М.Б Жангелованың жетекшілігімен  клиникалық лабораторлы-аспапты диагностикалық курсы ұйымдастырылды. 2003 жылы  лабораторлы – аспапты диагностика курсы жекеше  кафедра болып бөлінді, ал ЖМЖБ және ішкі аурулар кафедрасына қосымша емдеу факультетінің 4, 5, 6 курс студенттеріне ішкі аурулардан сабақ жүргізу берілді. Кафедра құрамына профессор Семенова Р.И, №2 ішкі аурулар кафедрасының 2 ассистенті қосылды. Қайта  құрылғаннан  кейін ЖМЖБ, №2  ішкі  аурулар  кафедрасы  деп  аталды. Кафедраның  клиникалық  базаларына  қала  мен  облыстардың ірі емдеу  мекемелері: Алматы  Қалалық Жедел  Медициналық  Жәрдем  Беру  7 бекеті,  ЖМЖБА – кардиология, терапия, гастроэнтерология бөлімшелері, №7 ҚКА- эндокринология, гематология бөлімшелері), Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы кірді.

Кафедрада  ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында экологиялық жағымсыз факторлардың жүрек-қантамыр және бронх-өкпе жүйесі ауруларының, аллергиялық реакциялардың дамуы мен ағымын, егде және кәрі жастағы науқастарда ауру ағымының ерекшеліктерін, гемокоагуляция мәселелерін  зерттеуге арналған.

2007 жылы кафедра жедел медициналық жәрдем беру болып өзгертілді. Кафедра штаты: профессор, м.ғ.д. – 1, доцент, м.ғ.к. – 6, ассистенттер – 8. Кафедра базалары: Қалалық Кардиология орталығы, ҰОС ардагерлер емханасы және № 2, 3, 6, 7 ЖМЖББ. 1997 жылдан 2009 жылдар аралығында кафедрада 5 докторлық және 16 кандидаттық диссертациялар қорғалды, оның ішінде профессор Тұрланов Қ.М. жетекшілігімен 4 докторлық және 12 кандидаттық диссертация қорғалды. Қорғалуға 2 докторлық және 1 кандидаттық диссертация берілді. Кафедра профессорлары мен доценттері ішкі патологиялардың мәселері бойынша диссертациялық  жұмыстарға пікір жасайды.

Кафедраның  профессорлары мен   доценттерінің қатысуымен Халықаралық  және  Республикалық  Конгресстер, съездер,  ғылыми-тәжірибелік  конференциялар, семинарлар  өткізіліп, 560 жұмыс, 258-ден жоғары тезис әртүрлі жинақтар бетіне басылып шықты. ЖМЖБ бойынша мемлекеттік тілде 1 оқулық және 26 әдістемелік нұсқаулар, оның ішінде 9 мемлекеттік тілде шығарылды.

Профессор – оқытушы құрамы жетекшілігімен студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі.  1998 жылдан бері кафедрада «Эскулап» атты студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, студенттер белсенді түрде университеттің ғылыми өміріне ғана емес, сонымен қатар ҚР басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми жұмыстарына қатысады және де конференциялардың сыйлы орындарына ие болған.

Кафедраның профессор – оқытушы құрамы дәрігерлердің санатын жоғарылатуын ұйымдастыруға белсенді ат салысады. Кафедрада 1200-ге жуық  ЖМЖБ, емхананың, Қазақстанның әр  аймақтарындағы дәрігерлік  амбулатория   дәрігерлері оқып  бітірген. Орал, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларына барып  оқу  циклі  өткізілген.

Базалық  емдеу  мекемелерінде   кафедра  қызметкерлері  біршама емдеу  және  кеңестік  жұмыстар  жүргізеді. Кафедраның  клиникалық  базалары  қала  мен  облыстардағы  емдеу  мекемелері. Кафедра  қызметкерлері медициналық  кеңестің    және  базалық  мекемелердегі емдеу – бақылау  комиссиясының мүшесі. Аттестациялық  есеп беру, сырқатнамаға, жедел  медициналық  жәрдем шақырту  карталарына   пікірлер беріледі. Алматы қаласы және Республика  деңгейінде  тек  өз  базаларында  ғана  емес,  басқа да базаларда  өте  ауыр  науқастарды  қарап,  кеңес  береді. Кафедра қызметкерлері ішкі аудит комиссиясы, емдеу-бақылау комиссиясының, ЖМЖБ бекеттерінің, қалалық кардиологиялық орталықтың  әдістемелік кеңесінің мүшелері болып табылады.

Кафедра қызметкерлері университеттік тәрбие жұмысына белсенді ат салысады, емдеу факультетінің 6 курс студенттеріне жетекшілік етеді. Жетекшілер студенттермен бірге еңбек ардагерлері, ҰОС ардагерлері, атақты оқымыстылармен кездесу өткізеді, яғни Отанға сүйіспеншілік және патриотизм сезімін күшейте түседі.

Кафедра қызметкерлері кафедра  құрылғаннан бері төмендегі сыйлықтармен марапатталған:

«Денсаулық сақтау үздігі»,  ҚР  Президенті Құрмет грамотасы (2001, 2006жж),  Білім және Ғылым Министрлігі (2002) алғыс хат, Жылдық дәрігер,  ҚР Білім берудің құрметті жұмысшысы  (2003). Клиникалық жұмыста үлкен сіңірген жұмысы үшін профессор Тұрланов Қ.М. «Алтын стетоскоп» сыйлығымен марапатталған (2005ж).

Кафедраның ғылыми бағдарламалары: «Экологиялық қолайсыз жағдайдағы ірі қала тұрғындарының денсаулығын қалыптастыру» және «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарында ауыр ауруларды анықтау, диагностикалау және емдеудің жаңа ғылыми негізделген әдістерін жасау» 2006-2010жж.