Күні: 22 қараша
Уақыты: сағат 15.00
Өтетін орны: ҚазҰМУ, Конгресс-холл
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Конгресс-холлында 2011ж. 22 қараша күні сағат15.00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық патиясының қолдауымен ЖОО жалпы ақпараттандыру бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай кеңауқымды «Электронды Университеттің тұсаукесері» акциясы өтеді.
Іс-шара барысында:
Электронды Университеттің тұсаукесері (оның ішінде: келешекте ІТ-технологияларды енгізу; білім беру сапасын арттыру, университетті басқарудың тиімділігін арттыру; Университеттің корпоративті компьютерлік желісін дамыту; біріктірілген ақпараттық-басқару жүйесін құру)
ЖОО тарихында алғаш рет – оқу озаттарына 1000 нетбук табысталатын болады!
Электронды Университеттің аясында 22 қарашадан бастап бүкіл ҚазҰМУ-дың және жатақханалар аумағында Wi-FI аймағы жұмыс істейтін болады (қатынасу шектеусіз).
Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т.Сейдуманов, Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» ХДП басшылары, ЖОО басшылығы, оқытушылар және студенттер қатысады.
ҚазҰМУ баспасөз қызметі