Тәуелсіз елім-тірегім




13.12.2011

2011  жылдың  13 желтоқсан  күні   Қазақстан  тарихы ,  философия, саясаттану  кафедрасының  аға  оқытушысы  С. А . Жолдыбаева  және I курс  фармация  факультетінің  2 топ студенттерінің ұйымдастырумен   Қазақстан  Республикасы  тәуелсізділігінің  20 жылдық  мерейтойына арналған »  Тәуелсіз елім-тірегім»  атты  дөңгелек үстел өткізілді.

Кіріспе сөзді  кафедра меңгерушісі доцент З.У.Бисенбаева ашты. Келесі кезекте 20 жылдық   егемендіктің  кемелденуі  мен  келешекке  құлаш  сермеуінің тамаша  кезеңіне  арналған фармация  факультетінің  I курс  студенттері :Амангелді  Гүлмарал , Аманғали  Гүлдана ,Жиенбекова  Балнур Дүйсенова  Толғанай ,Каиржанова  Махаббаттың «Тәуелсіздіктің  20 жылдық  тарихы »  атты  презентацияларын  тамашалады . Кеш  соңында  еліміздің  киелі  босағасы саналатын  Астана  қаласына арналған «Астана  әсем  қала  »  әнімен  Қалтай  Анар және туған жер  туралы  Тәжиева  Ләззаттың  » Атамекен »  атты  әндері  шырқалды . Аға  оқытушылар  Ғ.Т . Рысалдина ,          С. М.Илгидаева , К.А. Төлентаева  және  А .А. Абдрасилов  кештен алған әсерлерімен бөлісіп, студенттерге  Тәуелсіз  Қазақстанның  гулденуіне өз улестерін  қосатынына сенімділіктерін білдірді.