Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым




14.12.2011

«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» тақырыбы бойынша 07 желтоқсанда сағат 12.00-13.00 дейін 2 оқу ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай және Желтоқсан оқиғаларының 25 жылдығына байланысты денсаулық сақтау ісі мен фармациядағы менеджмент факультетіне қарасты орыс тілі кафедрасы (аға оқыт. З.К. Кокенова)

Желтоқсан оқиғаларының қатысушы, соңынан зардап шеккен М.О.Әуезов атындағы Қазақ драма театырының танымал артисі Үсіпхан Сейтімбет пен аталмыш оқиғалары туралы «Қыз мұны» деген спектакльдің бас рөлін сомдаған, жас артіс, былтырғы «Қыз Аруы» сайысының бас жүлдегері Ляззат Қалдыбекова деген қонақтарды шақырып, дүркіреген патриоттық іс-шара өткізді.

Зал тиісті салтаннатты түрде рәсімделген: «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқитын 1 курстың 2-1 топ   студенттері түрлі-түсті шарлармен ленталармен, гүлдермен залды сәндеді; кітапхана қызметкерлері «1986 жылдағы Желтоқсан оқиғаларына қатысты деректі құжат-материалдарымен көрме ұйымдастырды;  іс-шара ҚР әнураның орындалуымен басталды; Денсаулық сақтау ісі және  фармациядағы менеджмент факультетінің «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқитын 1 курс 2-1 топ және ЖМ 4-1 топ студенттері әдеби-музыкалды қойылым: Мухтар Шахановтың, Ғылым Жайлыбай және т.б. еліміздің атақты ақындардың өлеңдерін,монологтарын орындады.

Кездесудің қонақтары ретінде университеттің тәрбие және әлуметтік жұмысы жөніндегі басқарма бастығы Н.Ә.Іліясов, басқарманың жетекшісі мамандары Г.М. Акчина және әлуметші маман, менеджмент факультеті деканың орынбасары Г.М.Мухамедиева. шақырылды.

Қонағымыз артіс Үсіпхан Сейтімбет 1986 жылдағы Желтоқсан оқиғалары жайлы ойбөліскеннен соң, Желтоқсан оқиғаларының құрбандарын «үнсіз» еске алу рәсімі жасалды.

Тәуелсіздіктің құрдасы – жас артіс Ляззат Қалдыбекова театрдағы қызметі және аталмыш спектакльдың премерасы «Қыз мұны» қойылымынан зардап шеккен студент қыз Қарлығаштың монологын әсерлі орындап, көзіне жас алды.

Студенттерге артістердің сұхбаты да, өнері де ұнады:  қонақтар жанды дауыспен ән шырқап, оларға шапан мен камзол кигізіп, гүл сыйлап, қимай қайта-қайта суретке түсті.

Кездесудің (осы іс-шараның) мақсаты: тәуелсіздігінің 20-жылдығына екі ұрпақ өкілдерін дидарластыру, яғни сол 1988 жылдағы 1 курс студенттері мен қазіргі тәулсіз елдің жастарын. Аталмыш іс-шара айтарлықтай тәрбиелік те, сондай-ақ танымдылықта маңызды болды десек болды.