Тәуелсіздігімізге 20 жыл




16.12.2011

Талай ғасыр бойғы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге бүгінде 20 жыл толып отыр. Осы жыл ішінде еліміз қаншама даму сатыларынан сүрінбей өтіп, қазіргі таңда алдыңғы қатарлы жоғарғы дәрежеде көрінуіміз, әрине ел ағаларының арқасында деп ойлаймын. Сол себепті, алғысымыз ретінде ҚазҰМУ-нің Жалпы медицина факультеті I-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Жасай бер, жаса – Қазақстан!» атты салтанатты кеш өткізілді. Кешіміз қазақи ұлттық нақыштағы шашу биімен басталып, көңіл тебірентер күйлер, ұйғыр, испан, өзбек және де шығыс биімен жалғасын тапты. Сондай-ақ, жалпы медицина көңілді тапқырлар командасы  «Сүйкімді жандар»   өз әзілдерімен барша адамды тәнті етті. Кеш соңы патриоттық әнмен жабылып, көрермендердің ризашылығына ие болды. Кешті жүргізушілер: Қасенов Ғалымжан, Сматов Айдос және белсене өнерлер көрсеткендер: Тоқбулатова Айгерим, Еркінқызы Алина, Қамшыбек Балжан, Орынбек Ажар, «Асем-ай» би тобы, Керімбердиева Балжан, Қыдырбаева Гүлбану, Әптөре Ақмарал және «Сүйкімді жандар» көңілді тапқырлар командасы.

 Жалпы медицина факультетінің I-курс студенті

Бакытжанова Ақмарал