С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ҰСЫНАДЫ: Университеттің алғашқы клиникасы




18.01.2012

ІШКІ АҒЗАЛАР АУРУЛАРЫ КЛИНИКАСЫ

 ІШКІ ПАТОЛОГИЯ:  ГЕПАТОЛОГИЯ, РЕВМАТОЛОГИЯ, ЭНДОКРИНОЛОГИЯ

САЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК КЛИНИКА

16 ЖӘНЕ 29 ҚАҢТАР АРАЛЫҒЫНДА МАМАНДАР АҚЫСЫЗ КЕҢЕС БЕРЕДІ!

Біздің клиника ішкі ағзалар ауруларына диагноз қою, оларды емдеу және алдын алуды заманауи деңгейде жаңа технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы медициналық көмек ұсынады. Клиника әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық құралдарымен жабдықталған және кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынады. Біздің емдеу мекемеміздің медқызметкерлері бай білім қоры мен тәжірибесін ауру түрлерінің алдын алу мен емдеу үшін, емделушілердің денсаулығын сақтау әрі күшейту жолында өздерінің дәрігерлік борыштарын мінсіз атқарады. Қабылдауды медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары және бірінші білікті санаттағы дәрігерлер жүргізеді.

Емханада ішкі ағзалар аурулары бойынша (эндокринология, гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, кардиология және т.б.) кешенді тексеруден өтуіңізге болады, оның ішінде ЭКГ Холтер бойынша мониторлау, артериалдық қан қысымын тәуліктік мониторлау, спирометрия бар.

Емханада ҚР үздік ревматолог мамандары емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. ҚазҰМУ клиникасының ревматологтары ревматология саласы бойынша диагноз қою мен емдеудің инновациялық әдістерін қолданысқа енгізу мақсатында жақын және алыс шетелдерде өз кәсіби деңгейлерін үнемі арттырып отырады.

Ревматология бөлімшесінде буындар мен омыртқа ауруларына, дәнекер тіндердің диффуздық ауруларына диагноз қою және емдеу жүргізіледі; сүйектердің минерал тығыздығының деңгейі анықталады (денситометрия). Ревматология ауруларына шалдыққан емделушілерді емдеуде әлемдік медицинаның соңғы жетістіктері, оның ішінде гендік-инженерлік терапия қолданылады.

Эндокринология бөлімшесінде ерте диагностикалау бойынша кеңестер беріледі және эндокриндік ауру түрлеріне жаңа технологиялар бойынша стационарлық ем жүргізіледі: цитокинодиагностика және цитокинотерапия, қант диабетінің асқынулары, ұйқы безінің аурулары, эндокриндік аурулар жағдайындағы эрекциялық дисфункцияны емдеу, әйел бедеулігін және ер адамдардың азоспермиясын емдейді. Сондай-ақ эндокринолог мамандардың кеңесін алыңыз, «Диабеттік табан және қол» кабинетіне қаралыңыз, қант диабетінің кейінгі асқынуларының алдын алу бойынша ұсыныстар беріледі, балалар эндокринологының инсулин помпасын қолдану арқылы 1 типті ҚД емдеудегі жаңа технологиялар туралы кеңесі.

Гепатология және гастроэнтерология бөлімшесінде тексерудің кешенді бағдарламалары, оның ішінде гепатиттер мен асқазан-ішек жолдары аурулары бар. Кең ауқымды зертханалық тексерулер, УДЗ, гастроскопия, колонофиброскопия, фибросканирлеу, қажет болған жағдайда бауыр биопсиясы, холангиография.

Дәрігерлердің кәсіби деңгейі, клиника қызметкерлерінің мұқият ілтипаты, әлемдік және отандық медицинаның ең жаңа жетістіктеріне негізделген тексерудің заманауи инструменталдық әдістері және емдеу стандарттары уақытылы алдын алу шараларын өткізуге және әрбір емделушіге бағытталған  емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Біз өз емделушілеріміздің денсаулығының жылдам сауығуына барлық жағдайды жасаймыз!

ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ:

Кеңес беру-диагностика бөлімі

Мамандар кеңесі

терапевт

эндокринолог

педиатр

гастроэнтеролог

кардиолог

дерматовенеролог

нефролог

гинеколог

невропатолог

психотерапевт

офтальмолог

хирург

отоларинголог


Зертханалық тексерулер
:

  • Клиникалық тексерулер (қан, зәр, флораға сүртінді алу т.б.);
  • Биохимиялық зерттеулер;
  • Гормондық зерттеулер;
  • Онкомаркерлер;
  • Гепатиттер: А,В,С,Д
  • Цитологиялық зерттеулер.

Диагностикалық зерттеулердің түрлері:

  • Эхокардиография
  • АҚ және ЭКГ Холтер бойынша  мониторлау
  • Электрокардиография
    • Қалқанша безін, сүт безін УДЗ
    • Ішперде қуысы ағзаларын УДЗ
    • Кіші жамбас ағзаларын УДЗ (құрсақтық, трансвагиналдық)
      • Спирография
      • Эндоскопия
      • АҚ тәуліктік мониторлау
      • Эндоскопиялық диагностика: Фиброгастродуоденоскопия ФГДС)
      • Колоноскопия
      • Бронхоскопия
      • Қан тамырларының допплерографиясы

Күндізгі стационар жұмыс істейді.

Емшара бөлмесінің қызметтері күн сайын сағ. 8.00-ден 18.00 дейін

 

Физиокабинет қызметтері:

  • Дәрілік құралдармен электрофорез;
  • УЖЖ емдеу
  • Ультрадыбыстық емдеу
  • Ингаляции (сілті, май, шөптер)
  • Магнитпен емдеу
  • Биоптрон аппаратында сәулемен емдеу
  • Балалар мен ересектерге арналған массаж  (жалпы және сауықтыру)
  •  УКС
  • Реабилитациялық-сауықтыру орталығы
  • Рентгенограмма
  • Анықтамалардың барлық түрлері беріледі (Ф-086У, шоферлік комиссия)
  • Санитарлық кітапшаларды рәсімдеу
  • Профилактикалық және медициналық тексеру (ұйымға барып тексеру)


Стационар:

  • Ревматология бөлімшесі
  • Гастроэнтерология / гепатология бөлімшесі
  • Эндокринология бөлімшесі
  • Терапия бөлімшесі

Мекенжайымыз:

Райымбек д-лы, 50а
телефон: 87273862866