Адами капитал мен қолжетімді медицина оқытушылары мен студенттерден қолдау тапқан басты бағыттардың бірі




27.02.2012

«Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының» ұжымы және студенттер қауымы  ҚР Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауын қызу қолдады.

Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір,ең болмаса айында бір өзіннең-өзің есеп ал»,…

Ел басының жыл сайынгы жолдауларын еліміздің жылына бір рет өз-өзіне есеп беруі, алды артымызды пайымдап алға басар қадамдарын анықтау.

Ел басының быйылғы жолдауы ”Жаңғырту Жолдауы” десе қателеспейміз. Жолдаудағы он бағытымыз халықтың дәйекті он мәселесін шешетін және сол арқылы үлкен нәтижелерге қол жетуге жеткізетін бастау.

Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының ұжымы кафедра меңгерушісі Бисенбаева Зинакуль Убайдаевна, аға оқытушы Рысалдина Ғанижамал Төлеуқызы, оқытушы Исаева Мейрамгүл Ибадуллақызы жетекшілігімен өткен студенттік ғылыми-теориялық факультетаралық конференция. (жалпы медицина 035 топ және фармация 003 топ)

Сөз кафедраның аға оқытушысы Рысалдина Ғанижамал Төлееқызында: Амандасу адамдықтың белгісі демекші Ғанижамал апайымыз амандасып болысымен студенттер қауымына яғни бізге Ел басының жолдауындағы ең негізгі өзекті мәселе үлкен қауым ол “біздің жастарымыз”.

Бізге байлықтың да, ақшаның да, халықтың да не қажеті бар? Егер артымыздағы болашақ ұрпақтарымыз бойында патриоттық сана сезім болмаса, халыққа, елімізге жаны ашымаса, халықтың әрбір жетістігін жүрегімен сезінбесе деп жастарға бас назар аударды.

Сөз кафедраның оқытушысы Исаева Мейрамгул Ибадуллақызы: Армысыздар құрметті студенттер, бұл конференциямыздың ең басты мақсаты Елбасымыздың халыққа, жастарға деген үлкен сенімділігі осы жолдаудың алдыңғы жолдауларға қарағандағы ерекшелігі бағыт-бағдары, студенттер жалпы жастар қауымы жолдауды міңдетті түрде оқып хабардар болуы тиіс.

Осыдан кейін студенттер назарына сөз берілді.

Жалпы медицина факультеті 035/1к Пирманов Азат: Президенттің әрбір жыл сайынғы жолдауы ерекше,соның ішінде биылғы жолдауы жоғарыда айтып өткендей “Жаңғырту Жолдауы”, сонымен қатар Қазақстанның гулденуі дамушы елдер қатарына қосылуындағы,сол бағытқа ұмтылудағы мақсаттар мен мүдделерді көрсетеді. Осының ішінде бірінші және екінші бағытта… Бірінші бағыт бойынша жұмыссыздық мәселесі Қазақстанды жұмыспен қамту үрдісі. Ал екінші бағытта Елбасының Жолдауындағы “Қол жетімді баспана 2020” бағдарламасын атап көрсетті.

Фармация факультеті Тәжиеева Ләззат: Ел басының экономикалық жаңғыртуы. Он бағыттың он түрлі тұстарын атап өтті.

Жалпы медицина факультеті Каналбаева Мәдемі 035/2к: Егемендігімізді алып етегімізді жапқалы елімізде сан қырлы мәселелер мен мүдделер орын алуда. Жыл сайынғы ел басының жолдауы ілгері жылжуымыздың үлкен көпірі.

Елбасымыздың быйылғы жолдауында өздеріңізге белгілі он бағытты ұсынды. Осы әр бағыттың өзіндік ерекшелігі бар соның ішінде елдің экономикасы, әлеуметі, халқы елдің болашағы үлкен назарда. Атап айтсам “Өңірлік дамыту” соның ішінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларына ерекше назар бөлді. Еліміздегі халқы жағынан көп шоғырланған осы аймақтарды Қазақстанның бес дамушы қалалары ету.

Фармация факультеті Сайлаубекқызы Шынар: Бесінші, алтыншы бағытты ескеріп өтті. Бесінші бағытта XXI ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқаның бүгінгі заманға мемлекеттік басқаруға жоғарғы талаптар қойылды.

Алтыншы бағыт бойынша сот және құқық қорғау жүйелерің жанарту. Еліміздегі құқық қорғау жүйесін бір жолға түсіру.

Дәл осы жерде студенттер қауымынан өзекті сұрақ туындады.

Яғни елімізде құқық қорғау жүйесі заңды және толық қанды орындалып жатырма?… Бұл сұраққа Ғанижамал Төлеуқызының «Ана мен бала өліміне байланысты себептердің анығы айқындалмауы жайында мәселені қозғады. Бұл сұраққа Мейрамгүл апайдың да жеке субьективті ойын естідік: Әрине заңда қайшылықтар болып тұрады құқық қорғау саласындағы заңдар арасында шикіліктер жоқ емес бар… Мысалға: әскер қатарындағы борышын өтеуші азаматтардың құқығы толық қанды қарастырылмайды, заңға қайшы әрекет жылы жабылып қояды. Ел басының жолдауындағы мәселе осы бағытқа оң нәтиже береді деп ойлайды.

Жалпы медицина факультеті Каналбаева Мәдемі: Мен үшін осы жолдаудың ең ерекше бағыты жетінші бағыт деп ойлаймын. Бұл бағыт тікелей жастарға,бізге деген назарды айқын көрскетеді. Яғни бұл бағыт “Қазақстанда адами капиталдың өсуі” әрбір жас маман мен осы мамандықты ала отыра елім үшін, халқым үшін не істей аламын деген көкейінде негізгі сұрақ болуы керек.

Бұл дегеніміз өз мамандығын тәмамдаған азамат пен азаматша қолындағы дипломымен бір мезетте жұмысқа тұра алмайды. Әрбір азамат өз мамандығының оңы мен солын, мамандығының қыр-сырын нақты түрде сол мамандыққа лайық екендігін дәлелдеген жағдайда ғана біз оны “Маман”деп айта аламыз. Бұл жөнінде дипломнан кейінгі арнайы сынақтар қолға алынуда.

Жалпы медицина факультеті Пирманов Азат 035/1к: Міне талдай келе сегізінші, тоғызыншы бағыттарға жеттік.

Сегізінші бағытта Ел басының жастармен қоса ата-әжелеріміздің де жайы басты назарда. Ол кісілердің еліміз үшін жасаған еңбектері ескерілуде. Осыған байланысты осы бағытты “Зейнетақы жүйесінің жетілуі”.

Тоғызыншы бағыт: елімізге үлкен жауап кершілікті, мамандарымыздың тәжірибелігін талап ететін еліміздің дамуындағы үлкен көпір екендігін анық көрсетті. Бұл бағыт “Индустриялды иновациялық жобалар” деп аталды.

Қортынды сөз:

Жалпы медицина факультет студенттері: Сейдан Омар Ел басының он бағыты еліміздін он түрлі нақты мәселесін шешуші.

Пирманов Азат: Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші қортынды сөзде айтары әрбір азамат осы жолдаумен танысып өзіне дәйекті шешім шығаруы тиіс.

Каналбаева Мәдемі: Тәуелсіз күні туды елімізге,

Желбіреп көгілдір ту көгімізде.

Тіл көзден сақта құдай қазағымды,

Орнықты бақ-береке төрімізге, – дей отыра құрметті достар Елбасының әрбір жолдауы сіз бен біз ушін маңызды.

Конференцияның қорытындылауда кафедра меңгерушісі З.У. Бисембаева: «Оқытушылар мен студенттер үшін мұндай іс-шара 1997 жылы Президенттің алғашқы Жолдауынан бастап бүгінге дейін талқылау, жоспарлы түрде дәстүрге айналды. Әр факультеттің студенттері кезек-кезегімен жарыс сөзге шыққанда сол факультеттің студенттері ұжымдық рухты жоғары қоя білді. Әсіресе маған бойында ұлттық патритизмі шыңдалған Каналбаева Мадемі, Пирманов Азат, Сайлаубекқызы Шынар сияқты студенттерге алғыс айтып, басқаларыңызға осындай отансүйгіштік қасиетті тілер едім. Себебі Елбасымыз жастардың бойындағы Қазақстандық патриотизмді 2007 жылдан бастап нықтылап айтып келе жатыр емес пе?! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Ұйымдастырушылар:

  1. Бисембаева З.У.
  2. Рсалдина Ғ.Т.
  3. Исаева М.И.