Ақпараттық хат




26.03.2012

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Алматы қаласында 2012 жылы 24-25-ші мамырда өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысуға шақырады.

 

«ҚазҰМУ-дағы құзырлық-бағытталған медициналық білім үлгісінің  іске асыру тәжірбиесі»

Конференцияның жұмыс бағыты:

  • ҚазҰМУ-дағы медициналық білім үлгісін іске асыру және мәселелері
  • Боллон үрдісі ЖОО білім беру сапасының кепілдік жағдайы ретінде
  • Оқу үрдісіндегі менеджментті жетілдіру
  • Тәжірбие және ғылым, білім интеграциясы
  • Дипломнан кейінгі ҚазҰМУ-дегі медициналық білім үлгісін іске асыру переспективасы
  • Медициналық ЖОО оқытушыларының құзырлығын жетілдіру және қалыптастыру мәселелері

 

Конференция жұмысына ҚР ғылым және білім Министрлігі, ҚР денсаулық сақтау Министрліктерінің өкілдері, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚазҰМУ-дың  серіктес ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаменттерінің директорлары, бас дәрігерлер қатысады.

Өзіңіздің жеке қатысуыңызды және де қызметкерлеріңізді жіберуіңізді сұраймыз.

Конференцияға қатысу үлгілері:

  • Ауызша баяндама жасау
  • Постерлік баяндама
  • Мақалаларды жариялау
  • Тыңдаушы

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына

2012 жылы 01-ші мамырға дейін тапсырыс берулерің қажет, басшылар делегаттар тізімін АЖТ, қызметі, жұмыс орны және баяндаманың атын көрсетіп жіберулері керек. 2012 жылы 25-ші сәуірге дейін мақалаларды өткізулері қажет.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі, Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу орталығы.

Конференция  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Конференция мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, «Даңқ залы».

Конференция жайлы толығырақ ақпараттық хат бойынша немесе www.kaznmu.kz  сайтынан біле аласыздар.

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры,

профессор                                                                                                              А.Аканов

 

 

Орындаған: БСЗБжМБРҒРО бастығы

Сарсенбаева С.С.

Қосымша

Өтініш төмендегі үлгі бойынша беріледі:

«ҚазҰМУ-дағы медициналық білім үлгісін іске асыру тәжірибесі»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін өтініш

1 Қатысушының тегі, аты-жөні
2 ЖОО(толық көрсету керек)
3 Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы
4 Қатысу үлгісі:

  • Ауызша баяндама жасау
  • Тыңдаушы
  • Тек баспа (мақалалар)
5 Баяндаманың тақырыбы (тек қатысушылар үшін)
6 Секция
7 e-mail
8 Байланыс телефоны (міндетті түрде)
9 Қонақ үйге алдын ала тапсырыс беру қажеттілігі

ия / жоқ

 

Конференция материалдары «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналында жарық көреді.

Қолжазбаны дайындау үлгісі

  1. Мақала «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналының бас редакторы, ҚазҰМУ ректоры А.А.Ақановтың атына ресми бағытталуы тиіс.
  2. УДК нөмірімен,  CD-де жазылған мақаланың редакцияға тек бір нұсқасы беріледі. Көлемі шектелмейді, кесте, сурет КНАСОН үлгісінің талаптарына сай дайындалуы керек (компютерлік терілім-Times New Roman шрифт 14, 1,0 интервал ). Парақтың параметрінің барлық жағы 2 ,0 см болу керек. Көрнектi материал қолжазбаның жеке парақтарының шеткі аймақтарында  оның орналасу орны мен тәртібі бойынша көрсетілуі тиіс .
  3. Түйіндеме (10-12 жол) орыс, қазақ және ағылшын тілінде болуы тиіс. (мақаланың тақырыбы мен авторының фамилиясы да аударылуы керек). Кілт сөздер – 6-8 сөз.
  4. Қолжазбаның бірінші бетінде төмендегідей тәртіпте көрсетілуі тиіс:

Мақала атауы – кіші әріптермен;

Автордың аты-жөні, тегі;

Мақала шыққан мекеменің атауы, қаласы;

5. Қажет болған жағдайда байланысқа түсу үшін мақаланың соңғы бетінде автордың тегі көрсетілуі керек (қала, мекен жайы, телефон, факс, электронды почтасы).

6. Орыс, қазақ және шет тілдерінде басылып шыққан жұмыстардан бастап, сілтеме әдебиеттер мәтінде кездескен тәртіп бойынша  тізімге енгізіледі. Шетелдік авторлардың тегі түпнұсқа транскрипциясында беріледі. Мәтінде тік жақшамен тізімдегі сілтеме әдебиетпен сәйкес келетін нөмірі көрсетіледі. Қысқартылған сөздер бірінші аталған кезде толық ашылуы тиіс.

7. Қажет болған жағдайда редакцияның мақаланы қысқартуға және оған өзгерістер енгізуге құқығы бар. Көрсетілген талаптарға сай емес мақалалар баспаға қабылданбайды. Барлық мақалаларға пікір жазылады.

8. Мақалаларды жіберу мерзімі 2012 жылдың 25 сәуіріне дейін.

Конференцияға байланысты барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз:

 

e-mail: [email protected]

Байланыс телефоны/факс 8(727) 292-69-97,

8(727) 292-69-69, ішкі нөмір: 147

 

Сарсенбаева Сауле Сергазиевна – БСЗБжМБРҒНО орталығының директоры

Каржаубаева Арай – БСЗБжМБРҒНО орталығының аға әдіскері