2012 ж. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН УНИВЕРСИТЕТІШІЛІК САЙЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ




29.03.2012

Медициналық білім беру және денсаулық сақтау саласында ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін университетішілік сайыс туралы ереже
Ғалымдар Кеңесінің шешімі  24.01.2012ж., хаттама №6

2012-2013 жылға арналған медициналық білім беру және денсаулық сақтау саласында ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған университетішілік сайыстың құжаттары.

Сайыстың бірінші кезеңінде комиссия мүшелері ғылыми жобалардың медициналық білім беру және денсаулық сақтау саласында ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған университетішілік сайыстың гранты туралы ереже талаптарына сәйкестігін қарастырды (№88 бұйрық   14.02.2012ж.).

Сайыстың екінші  кезеңінде комиссия мүшелері ҚазҰМУ ғылымының даму жолындағы басым бағыттарын обьективті бағалайды және қарастырады (№88 бұйрық   14.02.2012ж.).

 

Комиссия мүшелерінің құрамы:

  1. Төрайымы: Каракушикова А.С. – ғылыми жұмыстар және инновациялық жобалар бойынша проректор.
  2. Төрайым орынбасары: Оспанов А.Б. – т.ғ.д., профессор, Алматы технологиялық университетінің  проректоры.

 

1 кезеңді өткізу барысындағы комиссия мүшелерінің құрамы :

  1. Мирзабеков О.М. – м.ғ.д., профессор, жалпы жіне клиникалық сұрақтар бойынша проректор;
  2. Зидкова А. – M.Sc. Карлов Университетінің ғылыми қызметкері;
  3. Мустафина А.Р. – м.ғ.д., клиникалық – тәжірибелік зертхана меңгерушісі.

 

2  кезеңді өткізу барысындағы комиссия мүшелерінің құрамы :

  1. Альпейсов Ш.А. – профессор, ғылыми және халықаралық байланыстар бойынша проректор;
  2. Елигбаева Г.Ж. – х.ғ.д.,  Қ.И. Сатбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, БжҒМ ҚР Ұлттық эксперттер командасының мүшесі;
  3. Кудайбергенова Т.А. – Honorary Research Fellow of University of Cumbria, Lancaster, UK, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеттінің  докторанты;
  4. Даниярова А.Б. – м.ғ.к.,  ҒЗЖ менеджменті бөлімі бастығының орынбасары;

Сайыс комиссиясының қарауына  54 ғылыми  жобалар түсті.

 1 – кезең

Университетішілік сайыс гранты туралы ережеге және №2 қосымшаға сәйкес келмеген 5 жоба қараудан алынып тасталды.

2 – кезең

2 кезеңде келесі талаптар  бойынша  бағаланды: маңыздылық дәрежесі, ғылыми жаңалығы, бюджеттің тиімділігі, жоба дизайны.

Жобаларды қарау және талқылау барысында мынадай кемшіліктер табылды:

  1. Кейбір жобалар «ғылым ғылым үшін» деген қағидамен жазылған, яғни тәжірибелік және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы өте төмен. Тұрғындар денсаулығына қатысты алдын алу аспектілерін қамтығын жобалар жоқтың қасы.
  2. Ғылыми жаңалығы жоқ жобалар да кездеседі.
  3. Жалпы алғанда барлық жобаларда қаржыландыру жағының негіздемесі жоқ, яғни зерттеудің өзі, реактивтердің, құрал – жабдықтардың  қанша тұратындығы көрсетілмеген. Мысалы , кейбір жобаларда АҚШ 90 күнге 2 адамды іс-сапармен жіберу деген сияқты  негізсіз жағдайлар көрсетілген.
  4. Жобалардың тақырыптары дұрыс емес  (мысалы: Тума ақаулардың кездесу жиілігі мен ара қатынасы); Жоба тақырыбы мен мазмұні бір – біріне сәйкес келмейді; міндеттері дұрыс қойылмаған (мысалы,  көпішілік жобаларда бірінші немесе екінші міндеті әдеби шолу немесе зертттеу әдісі  ретінде көрсетілген; кейбір жобаларда зерттеу әдісінің негіздемесі, зерттеу бірлігі, зерттеу дизайны мүлдем көрсетілмеген;  тіпті кейбір жобаларда күтілетін нәтижесі жоқ  немесе толық емес; жоба нәтижесін бағалайтын индикаторлары мен әдістері жоқ; Барлық жобалар этикалық сұрақтар бойынша өңдеуден өтуі керек.

Комиссия қорытындыс бойынша 18 ғылыми жоба өтті.

 

ДЕПАРТАМЕНТ

ҒТЖ  атауы

Жетекшісі

1 Стоматология С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері денсаулығының медико – әлеуметтік аспектілірінің мониторингі Зазулевская Л.Я.
2 Жүкті әйелдердің стоматологиялық дәрежесінің деңгейі және минералдық алмасу жағдайы, туылатын балалардағы стоматологиялық аурулардың антенатальдық алдын алу Ермуханова Г.Т.
3 Фармация Шырша майы  негізінде микробқа  және қабынуға қарсы әсер ететін дәрілік заттардың технологиясын және құрамын өңдеу. Сакипова  З.Б.
4 Ішкі аурулар Жастар арасында мінез-құлықтық факторлармен  байланысты  аурулардың алдын алу және дер кезінде диагностикалау. Касенова С.Л.
5 Бета – жасушаларының қызметінің генетикалық ақауларын молекулярлық деңгейде салыстырмалы түрде сараптау және Нью-Йорктің американдық-кариб және қазақтар популяциясындағы моногенді қант диабетінің диагностикасын жетілдіру. Нурбекова А.А.
6 Негізгі медициналық және жалпы білім беру пәндері «Тұмау А вирусының қазіргі штамын  реинфекциялау және қайта жұқтыру кезінде, яғни вирусты патологияда тыныс алу мүшелерінің салыстырмалы морфологиясы.» Бекишева А.
7 Қоғамдық денсаулық сақтау «5 жасқа дейінгі балалар арасында пневмокок жұқпасының сырқаттанушылдығының мониторингі» Амиреев С.А.
8   Өндірістік ортаның зиянды факторларының медициналық-әлеуметтік аспектілерін меңгеру Ниязбекова Л.С.
9 Педиатрия Перинатальды қауіп тобына жататын балаларда қалыптасатын патологиялық жағдайды болжау және бағалау. Рахимова К.В.
10 СҒЗЖ және Жас Ғалымдар Кеңесі секторы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мұғалімдерінің күйзеліс синдромының  Психологиялық  – педагогикалық моделі. Кажибаев А.С.
11 ҚазҰМУ Жүрек қан тамыр ауруларының дамуының жеке қаупін бағалау үшін медико-экологиялық зерттеу. Аканов А.А.

Ешманова А.К.

12 Оқу әдістемелік жұмыстар департаменті және білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми негіздеу орталығы

 

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім сапасының кепілі ретінде болондық үрдіс. Тулебаев К.А.
13 Б.Атшабаров атындағы ІжҚМҒЗИ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми зерттеулерді этикалық  реттеу үшін  сарапатамалық әлеуетті  дамыту Мустафина А.Р.
14 Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі Қазақстан Республикасында қартаюға қарсы моделдің дамуында медициналық геологияның жетістіктерін қолдану. Тулебаев К.А.

Калмаханов С.Б.

15 Б.Атшабаров атындағы ІжҚМҒЗИ  , фармацевт – технолог модулі, кафедралар: биохимия, амбулаторлық-емханалық терапия, фармакология, молекулярлық биология институты. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ трансляциялық зерттеуді дамыту және қалыптастыру, ғылыми –әдістемелік негіздеу. Каракушикова А.С.
16 Ғылыми білім беру зертханасы

 

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастардағы оксидативті күйзеліс көрсеткішін және гемоглобин фракциясын зерттеу. Садвакас А.С.
17

 

 

Ерте постнатальды кезеңдегі жаңа туылғандардың қан құрамындағы лимфоциттердің Q гетерохроматині Кудрина Н.О.
18 С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілік – кадрлық жұмыстар бойынша Департаменті С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не  университеттік клиника моделін енгізу және өңдеу. Куракбаев К.К.

 

Ғылыми жұмыстар және инновациялық

жобалар бойынша проректор

Қаракушикова А.С.