С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ даму перспективалары туралы: оқытудың кредиттік-модульдік жүйесін енгізу (2012 жылғы 3 сәуірдегі кафедра меңгерушілері алдында сөйлеген сөзі)




05.04.2012

Құрметті оқытушылар, студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің стратегиялық мақсаты – халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы көшбасшыға айналу. Университет қызметінің беделді бағыттарының бірі  бірыңғай еуропалық білім кеңістігіне ену, медицина мен фармация салалары бойынша алдыңғы қатарлы білім бағдарламаларын халықаралық мойындату болып табылады.

Қазір бізде бағдарланған медициналық білім беру құзыреті әзірленіп әрі енгізілуде, оқытудың белсенді және интерактивті әдістері жүзеге асырылуда, оқушылар мен оқытушылардың кәсіби құзыретін бағалау жүйелері әзірленді, академиялық ұтқырлық пен визитинг-профессорлардың  бағдарламасы іске асырылуда. 2011 жылдан бастап университетіміз оқытудың кредиттік жүйесіне ауысуда. Алғашқылардың бірі болып фармация және стоматология факультеттері көшті. Жалпы алғанда кредиттік жүйеге көшу сәтті өтуде, алғашқы тәжірибе жолға қойылды.

5 айдан соң бүкіл университет жаңаша тіршілік етіп, жұмыс жасауы керек. 1-қыркүйектен бастап біздің университетіміз кредиттік-модульдік оқытуға толығымен көшеді. Кредиттік-модульдік оқытудың бірқатар артықшылықтары бар:

Білім сапасы үшін ынтымақты жауапкершілікте болу. Ескі желілілік жүйеде қарым-қатынас «оқытушы-оқушы» тәртібімен жасалатын, ХХ ғасырдың білімі оқытушының қатаң басқаруымен жүзеге асырылатын: студенттер оқытушыға барынша бағынышты болатын, дәрістер нұсқаулықтар түрінде өтетін. Бұл жүйеде студенттер пассивті тыңдаушылар болып табылады (тыңда, есте сақта, есіңе түсір, айтып бер), білім беру бағдарламасы пәндерді бөлек оқуға негізделген, студенттер үшін жеке пәндер бойынша алған білімдерін біріктіру қиынға түседі, өйткені оларды оқып білу уақыт бойынша созылыңқы жүреді.

ХХІ ғасырда әлемде ғаламдық өзгерістер орын алды, жаңа нарықтық экономика үшін бәсекеге қабілеттілігі жоғары өзге мамандар қажет әрі осыған байланысты олардың дайындығы мүлдем жаңа платформада қалыптасады.

Жаңа оқыту парадигмасы – интерактивті сабақ беру – интерактивті оқыту (пікірталастық педагогика). Студенттер дайын білімнің пассивті тұтынушылары ғана емес, белсенді оқып-үйренушілер болуы тиіс. Оқытушылар ақпаратпен жабдықтаушыдан (ментордан) оқыту процесінің көмекшілеріне айналулары тиіс, студенттерге білім берудің жағымды ортасын басқарып соны қалыптастыруы қажет. Олар жаңа педагогикалық  білім мен дағдыларға ие болулары тиіс. Ең үздік оқыту тәжірибесі қалыптасуы тиіс. Құзыреті – оқытудың бағдарланған үлгісі. Бұл өте көп еңбекті қажет ететін, түсіндіру және тиянақты жұмыс болып табылады. Студент бос ыдыс емес, ол ойланып, талдау жасап, алған білімін қолданып, синтез жасап, сынауы тиіс. Оқытушының басты міндеті – студенттің жоғарыда аталып өткен қасиеттерін белсенді күйге келтіру. Сонда білім беру сапасы үшін жауапкершілік тең дәрежеде студентке де, оқытушыға да түсетін болады.

Студентке сенім арту. «Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына» бөлінетін уақыттың 30%-ы «Студенттің өзіндік жұмысына» ауыстырылуы тиіс. Студенттердің өздері ақпаратты өз беттерінше іздеп, өзін-өзі дамытуға қызығушылық танытулары тиіс. Мұндай жаңалық студенттен сабаққа дайындалуға деген көзқарасының өзгеруін талап етеді. Мысалы, америкалық студент оқытушымен кездесуге тақырып бойынша қажетті әдебиеттің кем дегенде 150 бетін оқып болған соң барады. Осы мақсатта бүгінде бізде қажетті жағдайдың барлығы жасалған: 1,5 млн. кітабы бар кітапхана, сымсыз интернеттің еркін аумағы, тәжірибелік және коммуникативтік дағдылар орталығы, компьютер сыныптары және т.б. Уақыттың 5-10% дейінгі шамалы бөлігін «Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына» қалдыруға болады. Және де студенттер түсінбеген сұрақтарын интернет арқылы сұрап, ал оқытушымен кездесу үстінде кеңес алулары қажет. Студенттердің өз бетінше жұмыс істейін арттыру білімді меңгеруін бақылау арқылы күшейтілуі тиіс. Сабақтар едәуір қарқындырақ жүргізілуі керек. Және де педагогикалық тәсілдердің барлығы да қолданылады (интерактив, өзін-өзі таныту, сауалнама т.б.).

Оқыту үшін ынталандырма. Студенттер таңдап алған үздік оқытушылардың  еңбекақысына 10-15% үстеме төленіп, ынталандырылулары тиіс. «ҚазҰМУ үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы 1 млн. теңге сыйақымен мадақталатын болады. Үздік оқытушылар өз тобына ең үздік студенттерді іріктеп алуға құқылы.

Студенттер тарапынан таңдалмаған ПОҚ проф. Насыбуллина Х.С. атындағы педагогикалық шеберлік мектебінде қайта даярлықтан өтуге және кафедраның шешіміне қарай өзге жұмыстарды атқарып немесе қайта аттестаттаудан өтуге міндетті болады.

«Студенттің өзіндік жұмысы» 30-50%-ды құраса, сәйкесінше педагогикалық жүктеме азайып, оқытушының өзін-өзі дамытуға, ғылыммен және әдістемелік құралмен айналысу мүмкіндігіне уақыт туатын болады. Бүгінгі таңда ПОҚ-ң 30-40% ғана оқытудың интерактивті әдістерін меңгерген, ал оқу процесін интерсификациялау педагогтердің 90%-ның оларды пайдалануын қажет етеді.

Қажетті жағдай жасау. Қалған 5 ай ішінде біз әдістемелік жұмысты және оқытудың ұйымдастыру базасын қайта қарастыруымыз қажет, ЖОО-н ақпараттандыру жұмыстарын күшейтіп, ПОҚ деңгейін және студенттердің білімдерін көтеруге тиіспіз. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ырықтандыру әлдеқайда қатал талаптармен теңдестірілуі қажет.

Немқұрайды қарайтын және селсоқ студенттер мен оқытушылардың масылдығынан арылу қажет, академиялық ұтқырлықты қалыптастырып, жүзеге асыруға тиіспіз (5% дейінгі студенттердің шетелдік немесе отандық серіктес университеттерде білім алуға мүмкіншіліктері болуы тиіс), шетелдік профессорлардың санын ПОҚ құрамынынң 5-10% жеткізу керекпіз, қос дипломдық білімді дамыту қажет. Университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары да жоспарда тұр.

Құрметті әріптестер және студенттер!

Егер біз әлемдік білім беру кеңістігіне енгіміз келсе, онда көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру керекпіз, өз өмірімізді өзгертіп, оны әлемдік тенденцияларға жақындатуымыз қажет, ең алдымен өзіміздің білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Жаңа оқу жылының басына дейін қалған уақыт өте тиімді әрі жемісті пайдаланылуы тиіс.

Бірлесе отырып, біз алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, медицина саласында білім беретін көшбасшы ЖОО айналатынымызға сенімдімін!