Қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаменті




01.04.2012

Қоғамдық денсаулық сақтау Оқу департаменті (ары қарай – ҚД ОД) Оқу кеңесінің шешімі негізінде (2010 жылғы 30 маусым № 10 хаттама)  «Оқу департаментін  ұйымдастыру туралы» ҚазҰМУ ректоры  бұйрығымен № 2156  2010 ж. 18 тамызда құрылды.

ҚД ОД әкімшілігінде регламенттелінген нұсқаулармен жұмыс жасайтын директор мен методисттер бар.

ҚД ОД бірінші директоры болып медицина ғылымының докторы, профессор Тулебаев Казбек Агабылович тағайындалды (алдыңғы ҚазҰМУ оқу және тәрбие жұмысы бойынша проректоры).

2011 жылы 17 қазаннан бастап ҚД ОД директоры медицина ғылымының докторы, профессор  Камалиев Максут Адильханович.

Методисттер: экология және жалпы гигиена кафедрасының аға оқытушысы – Алимова Нургуль Ертилеуовна және Альтенов Асхат Маратович.

ҚД ОД жұмыс жасауы әкімшілік жұмысы бекітілген нұсқау, оқу департаменті туралы Қосымшамен регламенттелінеді. ҚД ОД өз жұмысында жыл сайынғы бекітілген жоспармен жұмыс жасайды.

ҚД ОД құрылымына оның мамандығына сәйкес кафедралар кіреді:

  • Еңбек гигиенасы  (меңг. – м.ғ.д., проф. Тогузбаева К.К.),
  • Коммунальдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (меңг. – м.ғ.д., проф. Неменко Б.А.),
  • Фармация және денсаулық сақтаудағы менеджмент и маркетинг құқықтық негізімен (меңг. – э.ғ.к., доц. Жаксыгулова Г.К.),
  • Нутрициология (меңг. – м.ғ.д., проф. Алдашев А.А.),
  • Жалпы гигиена және экология (меңг. – м.ғ.д., проф. Кенесариев У.И.),
  • Қоғамдық денсаулық сақтау (меңг. – м.ғ.д., проф. Камалиев М.А.),
  • Денсаулық сақтаудағы басқару және саясат (меңг. – м.ғ.д., доц. Турдалиева Б.С.) «Денсаулық сақтаудағы экономика» курсымен (меңг. – э.ғ.к., доц. Садыров Г.А.),
  • Эпидемиология (меңг. – м.ғ.д., проф. Амиреев С.А.) с курсом «Өмір сүрудегі қауіпсіздік негіздері» курсымен  (меңг. – м.ғ.к., доц. Щурин В.А.).

ДС ОД неігізгі жетістіктері:

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина Университетінің медициналық білім беру Үлгісіне маңызды үлес қосты; ҚазҰМУ сапа менеджменті жүйесінің сертификацияланған аудитінің оңтайлы қорытындысы; визитинг-профессорлар бағдарламасы; оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.

 

Байланыс:

Тел.:  (8 727) 292 64 54

e-mail: [email protected]