Жастардың рухани байлығы




07.05.2012

Қазақтың  қара сөзін  желеу қылған ұл- қыздары  әр кезде де елінің  болашағына бейжай қарамаған. Жалындаған жастары тәуелсіздік  жолындағы күресте  зор үлес қосқандары белгілі. Қазақ  жастарының күш-жігеріне, ақыл-ойына, рухани мәдениетінің байлығына әлем жұртшылығының  тамсана қарайтыны баршаға мәлім.

Осы аталғандардың  барлығы қазақ медицинасының қара шаңырағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенттерінің бойында бар екенін баршамыз білеміз. Бұған дәлел ретінде университетіміздің қабырғасында қоғамдық жұмыстармен айналысып жатқан 20 қоғамдық ұйымның  болуы, соның ішінде «KazNMU ARLANS»  пікір-сайыс клубының  жыл сайынғы « Ауыспалы кубок» ойнатылатын факультет аралық турнирін өткізілді. Осы 2011-2012 жылғы стоматалогия  факультетінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған факультет аралық турнирінің  финалына жалпы медицина факультетінің атынан 2 фракция шыққан болатын. Финалда «ҚР жастарының рухани байлығы жоғары деп санайды» атты тақырыпта пікір-талас жүргізілді. Үкімет тарапынан «Руханиат» фракциясына қарсы  «Төле би-88» фракциясы қарсы ойнады. Іріктеу турларынан сүрінбей өткен қос фракция мүшелері оқу орнымыздың көркейіп алға қадам баса беруіне өз үлестерін қосып жүрген студенттер. Осы орайда жетістіктеріне тоқтала кететін болсақ «Руханият» фракциясының басшысы Нұрқасымов Данияр (2-курс жалпы медицина 10-023 топ) «Төле би-88» фракциясының лидері Бектұров Абзал (3-курс жалпы медицина 09-021-1 топ) фракция мүшесі Заманбеков Оспан (2-курс жалпы медицина)  жалпы медицина факультетінің студенттері республикалық пікір-талас турнирлерінде университетіміздің намысын қорғап жоғарғы нәтижелерге жетіп жүргені барлығымызға мәлім. Ал «Руханият» фракциясының мүшесі Тәңірберген Әмина (1-курс жалпы медицина) студенті болашақта  өзінен үлкен үміт күттіріп жүрген жас буын өкілі.  Турнир финалында қаралған тақырыптың толық ашылып пікір-таластың  көркін  кіргізуге фракциялар бар күштерін салды . Жоғары дәрежеде өткен бұл пікір-таласта  бар  ынта-жігерін салып «Руханиат» фракциясы бас жүлдеге қол жеткізсе «Төле би-88» фракциясы 2-орын иеленіп жалпы медицина факультеті қос жүлдеге қол жеткізді. 2011-2012 жылғы факультет аралық турнирдің бас жүлдесін иеленген жалпы медицина факультеті  ендігі 2012-2013 жылғы факультет аралық турнирді өткізу мүмкіндігіне ие болды. Факультеттің осындай жетістіктерге жетуіне өз үлестерін қосып жүрген студентерді жалпы медицина факультеті мақтан тұтып, бұданда үлкен жетістіктерге жете беруіне шын жүректен тілек білдіреді.

.

                                                                               Жалпы медицинафакультетінің

 3-курс  студенті Бектұров Абзал