«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012» іс-шарасын өткізудің қорытындысы




07.05.2012

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры А. Ақановтың  2012 жылғы 7 наурыздағы №184 бұйрығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012» іс-шарасын өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясының құрамы  бекітілді.

Төрағасы: Дүйсекеев А.Д. – дипломнан кейінгі білім беру және аймақаралық ынтамақтастық жұмыстары жөніндегі проректор;

Комиссия мүшелері:

Дарменов О.К. – Дипломнан кейінгі білім беру институтының директоры;

Балмуханова А.В. – Жоғары медицина мектебінің директоры;

Саттаров А.И. – медициналық-профилактикалық іс факультетінің деканы;

Датхаев У.М. – фармация факультетінің деканы;

Иванченко Н.Н. – денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент факультетінің деканы;

Оразаева Ф.Г. – резидентура және PhD докторантура бөлімінің меңгерушісі.

Келесі құжаттар дайындалып, бекітілді:

–       Жәрмеңкені ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары;

–       Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу бағдарламасы.

2012 жылғы 20 сәуірде ҚазҰМУ-де «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012» іс-шарасы өткізілді. Медицина мамандарына деген ресми сұраныс және осы шараға қатысуға шақыру Алматы, Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына және облыстық денсаулық сақтау басқармаларына жіберілді.

Денсаулық сақтау басқармаларынан алынған мәліметтер төмендегі кестеде көрсетілген:

Аймақтар

Бос жұмыс орындарының саны

Ең қажетті мамандар 

1.

Алматы қаласы

549

ЖШМЖ дәрігерлері – 65, терапевт – 58, педиатр – 62, дәрігер лаборант – 30, психиатр – 29, анестезиолог–реаниматолог – 28, онколог – 18, фтизиатр – 17

2.

Астана қаласы

99

дәрігер лаборант – 13, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары  – 8, анестезиолог- реаниматолог – 7

3.

Алматы облысы

492

терапевт – 94, педиатр – 96, ЖТД – 35, акушер-гинеколог – 19

4.

Жамбыл облысы

276

терапевт – 65, педиатр – 41, психиатр – 23, ЖТД – 19, анестезиолог- реаниматолог – 14

5.

Павлодар облысы

165

педиатр – 22,  терапевт – 21, ЖТД – 19, акушер – гинеколог – 8

6.

Қостанай облысы

516

терапевт – 94, педиатр – 45, акушер-гинеколог – 36, онколог – 36, проктолог – 19, анестезиолог-реаниматолог – 21, психиатр – 30

7.

Атырау облысы

299

ЖТД – 38, педиатр – 26, ЖШМЖ – 33, анестезиолог – реаниматолог – 18, сәулелік диагностика – 17, терапевт – 17, фтизиатр – 13

8.

Маңғыстау облысы

277

педиатр  – 45, терапевт – 29, анестезиолог-реаниматолог – 27, психиатр  – 22, дәрігер лаборант – 19, неонатолог – 19, акушер-гинеколог – 15, сәулелік диагностика мамандары – 14, фтизиатр  – 11

9.

Ақмола облысы

365

терапевт – 34, педиатр – 34, акушер-гинеколог – 29, ЖТД – 29, ЖШМЖ – 25, психиатр – 20, дәрігер лаборант – 22, сәулелік диагностика – 21,   анестезиолог-реаниматолог – 14

10.

Солтүстік Қазақстан облысы

38

ЖТД – 11, гигиенист-эпидемиолог – 18

11.

Шығыс Қазақстан облысы

473

терапевт – 48, акушер-гинеколог – 35, анестезиолог-реаниматолог – 35, педиатр – 34, фтизиатр – 21, сәулелік диагностика мамандары – 21, ЖТД – 21, психиатр – 20, жалпы хирургия  – 18

12.

Батыс Қазақстан облысы

174

терапевт – 34, педиатр – 32, ЖТД – 29, акушер–гинеколог-27, анестезиолог-реаниматолог – 27, психиатр – 14

13.

Қызылорда облысы

142

терапевт  – 15, ЖТД – 12, акушер-гинеколог – 11, педиатр – 11

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

90

ЖТД – 14, фтизиатр – 7

15.

Қарағанды облысы

37

онколог  – 15, гигиенист-эпидемиолог – 10

16.

Ақтөбе облысы

179

ЖТД – 26, СЭС мамандары  – 29, сәулелік диагностика мамандары  – 11, онколог – 11

Барлығы:

4171

 

 

Аталған жәрмеңкеге ҚР емдеу-профилактикалық мекемелерінен және 11 денсаулық сақтау басқармасынан барлығы 115 өкіл қатысты.  Оның ішінде, Алматы облысынан – 30, Жамбыл облысынан – 9, Қызылорда облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 4, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 1, Атырау облысынан – 7, Шығыс Қазақстан облысынан – 1, Солтүстік Қазақстан облысынан – 3, Ақмола облысынан – 4, Астана қаласынан – 1, Алматы қаласынан – 54.

Жәрмеңкеге республиканың 99 медициналық мекемесі қатысты. Атап айтар болсақ, Алматы қаласынан – 54, Астана қаласынан – 1, Алматы облысынан – 26, Жамбыл облысынан – 9, Атырау облысынан – 7, Ақмола облысынан – 4, Батыс Қазақстан облысынан – 3, Солтүстік Қазақстан облысынан – 3, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 1, Шығыс Қазақстан облысынан – 1, Қызылорда облысынан – 1.

Жәрмеңкеге Алматы қаласынан келген мекемелер:

№19, №20, №10, №14, №4, №13, №6, №9, №5, №2, №12, №21 қалалық емханалар, студенттер емханасы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасы;

– «Құлагер» бастапқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету орталығы;

– Қалалық қан орталығы;

– Қалалық репродукция орталығы;

– Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы;

– Психологиялық сауықтыру орталығы;

– №1 қалалық клиникалық аурухана;

– №5 қалалық клиникалық аурухана;

– №3 қалалық клиникалық аурухана;

– №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасы;

– Әуезов аудандық туберкулезге қарсы диспансер;

– Медеу аудандық туберкулезге қарсы диспансер;

– Қалалық клиникалық балалар ауруханасы;

– Перинатология және балалар хирургиясы орталығы;

– Қазақ радиология және онкология ғылыми-зерттеу институты;

– ҚР ӘБ СЭО;

– Алматы қаласы бойынша аймақтық онкологиялық диспансер;

–  «Жедел медициналық жәрдем станциясы» МККМ;

– Спорттық медицина және реабилитация орталығы;

– Алматы қаласының Құтқару қызметі;

– ҚР ІІМ  ҚАЖ «ЛА-155/4» мекемесі РМК;

– ҚР ІІМ  ҚАЖ «ЛА-155/18» мекемесі РМК;

– ҚР ІІМ  ҚАЖ «ЛА-155/12» мекемесі РМК;

– ҚР ІІМ  ҚАЖ «ЛА-155/1» мекемесі РМК.

Бекітілген бағдарлама бойынша жәрмеңке университет ректоры, профессор  А.Ақанов пен дипломнан кейінгі білім беру және аймақаралық ынтымақтастық жұмыстары жөніндегі проректор А.Дүйсекеевтің кіріспе сөздерімен ашылды.

Сонымен бірге жәрмеңкеде Жоғары медицина мектебінің директоры, профессор А.Балмуханованың, дипломнан кейінгі білім беру институтының директоры О.Дарменовтың, резидентура және PhD докторантура бөлімінің меңгерушісі Ф.Оразаеваның мәлімдемелері тыңдалды.

Одан кейінгі сөз алғандардың қатарында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы М.Мейірбеков, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы кадрлар бөлімінің бастығы Э.Әуезова, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы К.Ирменов болды.

Батыс Қазақстан облысынан келген өкілдердің ішінен 2011 жылғы университет түлегі Оразымбетов Ерлан сөз алып, өз отбасының, сонымен бірге Батыс Қазақстан өңіріне барып медицина мекемелеріне жұмысқа орналасқан университеттің басқа да түлектерінің тұрғын үймен толық қамтылғандығы және дәл қазіргі кезде  180 мың теңге айлық жалақы алатындығы жөнінде айтып өтті. Және де ол сонымен қатар жұмыс атқарып жүрген аймағы жөнінде, ондағы медицина мамандары жөнінде жылы пікір білдірді.

Атырау облысынан облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Н.Нысанов сөз сөйледі.

Сонымен бірге жәрмеңке барасында Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Степногорск қалалық емханасының,   Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы Шиелі аудандық орталық ауруханасының, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Мақтарал аудандық орталық ауруханасының, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Сарқан аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерлері сөз алды. Олар өз мекемелері туралы қысқаша ақпарат беріп, ондағы жоғары білімді медицина мамандарына деген қажеттілік жайында айтып өтті.

Одан әрі қарай Алматы қаласы Құтқару қызметінің бастығы, Талдықорған қаласындағы «Жансая» медицина орталығының өкілі, Қазақ Радиология және онкология ҒЗИ ғылыми хатшысы,  ҚР ІІМ  ҚАЖ Алматы қаласы бойынша «ЛА-155/4» мекемесінің өкілі сөз алды.

Жәрмеңкеде облыстық және қалалық денсаулық сақтау мекемелері мен университет бітірушілерінің жеке кездесіп, жұмыс орындары және жас маманға ұсынылатын әлеуметтік жеңілдіктер туралы толық мағлұмат алуына барлық жағдай жасалды.  Денсаулық сақтау басқармалары мен  бітірушілер арасында жұмысқа орналасу жөніндегі алдын-ала келісім шарттар жасалды. Аймақтар бойынша бөліп айтар болсақ, жұмысқа орналасу жөніндегі 54 келісім шарт жасалды:

– Батыс Қазақстан облысы – 24;

– Алматы облысы – 11;

– Жамбыл облысы – 8;

– Астана қаласы – 8.

– Оңтүстік Қазақстан облысы – 2;

– Ақмола облысы -1;

Жәрмеңкеге қатысқан өкілдер университет түлектеріне ақ жол тілеп, университетті ойдағыдай бітірулеріне тілектестік білдірді.

Отчет

 

 

Жұмыспен қамту және кәсіби өсу қызметі