Театр – рухани өнер ордасы




07.05.2012

Біз, ЖМ11-18  тобы наурыздың 29 күні Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына  өзіміздің кураторымызбен Жаканова Тоты Аманқасовнамен  “Қызыл орамалды Шынарым ” атты қойылымына бардық. Қойылымға дейін біраз күн бұрын біз бұл қойылымға әйгілі актриса , тележүргізуші, әнші  және топтағы қыздардың табынушысы Айгүл Иманбаеваның ойнайтынын білдік. Бұл қойылымға деген қызығушылықты одан әрі арттырды.

Қойылымның қоюшы режиссері Талғат Теменов. Екі бөлімнен тұратын  спектакль ерекшелігі шынайы өмірден алынған. Бірінші бөлімінде Әсел мен Данияр  танысуы, үйленіп, отбасы болуы және баласының туылуы жайында баяндалады. Ал екінші бөлімінде олар бірталай қиындықтарға тап болады. “Айдың он бес күні жарық болса, он бес күні қаранғы”, – дейді. Жас отбасының ұясын бұзған Хадиша өзі бұрыннан ғашық болған Даниярмен көңіл қосады. Осылайша бір мезетте жас отбасының шаңырактарын шайқалтып, Даниярдың ұлы Саматтың басқа адамның қолында тәрбиеленуіне себепкер болады. Өз бақытын өзгенің бақытынан іздеген Хадиша Даниярдың жүрегі әлі де болса Әсел деп соғатынын түсініп, өз қателігін мойындап, Даниярды өз жолына жібереді. Бұл уақытта Әсел өзіне және ұлына қамқор болатын жанды тапқан еді. Арадан жылдар өткенде  олар үйленіп, бақытты өмір сүре бастайды. Енді Данияр қайта оралғысы келсе де, ешқандай мүмкіндігі болмайды. Өйткені тым кеш болды.

Көрген қойылымнан алған әсеріміз керемет болды. Бәріміз де  көңіліміз жабырқап, арамызда жылап жіберген қыздар болды. Әртістер өз рөльдерін  тамаша сомдады.

Қойылымнан соң алған әсеріміз соншалық, топтағы студенттер енды театрға көбірек барамыз деген шешімге келдік. Осы қойылымға арнайы тегін билет бөліп берген ректорымызға, деканға және ата-анамыздай болған кураторымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!!! Рахмет!!!                   

                                                                ЖМ 11 -18 топ студенттері