«Абай әлемі және жастар»




07.05.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде  ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығын насихаттап, оның адамзаттық маңызға ие мұрасын Республика деңгейінде кең таралуына ықпал жасау, дәріптеу мақсатында  2012 жылдың 26-27 сәуірі аралығында дәстүрлі «Абай әлемі» атты студент жастардың республикалық  өнер фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.

Фестивальге еліміздің түпкір-түпкірінен Ақтау, Шымкент, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Көкшетау қалаларынан  келген жоғарғы оқу орындарының студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Осы жоғарғы оқу орындарының ішінде біздің университетіміздің студенттері де бар. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуға, Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Сакенова Гауһар қатысты. Абайдың қара сөздерін оқуға Фармацевтика факультетінің 1 курс студенті  Серіков Нұрсұлтан қатысып жүлделі I-орынды жеңіп алды. Бұл біздің университетіміз үшін үлкен мақтаныш. Жалпы айтар болсақ, оқу орнымызда талантты студенттер өте көп. Бұл біздің биылдыққа бірінші жеңісіміз емес. Басқа да байқауларға қатысып, жүлделі орынды алып жүрміз. Сонымен қатар, Абайдың қара сөздеріне байланысты қосымша сұрақтар қойылды. Ол сұрақтардан да Нұрсұлтан сүрінбей өтті. Әділқазылар алқасы мүшелері де   Нұрсұлтанның өнеріне тәнті болып, «дәрігерлердің арасында да осындай талантты студенттер бар екен деп»,- ризашылықтарын білдіріп жатты. Байқау өте жоғарғы дәрежеде өтті. Ашылу, жабылу салтанатында танымал өнер иелері өз өнерлерін көрсетті.  Жеңімпаздарға арнайы диплом, Абай мүсіні және ақшалай сыйлықтар табысталды. Сөзімізді қорыта келе Нұрсұлтанға өнерің өрлей берсін!-деп игі тілегімізді білдіреміз.

«Абай әлемі» Республикалық студент жастар өнер фестивалінің «Абайдың қара сөздерін» мәнерлеп оқудан І орын иегері Серіков Нұрсұлтан.

Апсаттарова С.А.

Көркемдік жетекші