«Асылдың сынығы – тұлпардың тұяғы»




05.06.2012

2012 жылы 28 мамыр күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін басқару басқармасы Қазақстан тарихы, мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтану кафедрасымен бірге  университетіміздің Даңқ Залында «31 мамыр  ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған «Асылдың сынығы – тұлпардың тұяғы» тақырыбында конференция ұйымдастырып, өткізді.

Конференцияға Ахмет Байтұрсынұлының жиені – Байсалова Айман Қабиденқызы, Ахмет Байтұрсынұлының жиеншары – Тыныбекова Меруерт, Ахмет Байтұрсынұлының жекжаты -Исатаева Қарлыға Мұсақызы, Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын зерттеуші және Ахмет Байтұрсынұлы үй-мұражайының директоры – Имаханбетова Райхан Сахыбекқызы, Сейітова Клара Асылбекқызы, Қошке Кемеңгерұлының немересі – Нармамбет Гүлнар апайларымыз қатысты. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихшылар қауымдастығының» Президенті, т.ғ.д, профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы шақырылды.

Университетімізден Абдрасилов Абдрахман Абдрасилұлы – Қазақстан тарихы, мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті, т.ғ.к., №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Нұрмақов Аман Жамелұлы, Қазақстан тарихы, мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы Рсалдина Ғайнижамал Төлеуқызы қатысып, баяндама жасады.

Ахмет Байтұрсынұлы үй-мұражайының директоры Имаханбетова Райхан Сахыбекқызы университет кітапханасына А.Байтұрсынұлының мұрасы жайында кітаптар табыстады.

Фармацевтикалық факультетінің 1 курс студенттері Мегединова Разиям «ХХғ. 30-шы жылдарындағы билік тарапынан жасалған ашаршылық тауқыметі», Амангелді Гүлмарал «С.Ж.Асфендияров, Х. Досмұхамедов – қоғам қайраткерлері, дәрігер, ғалым», жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Ерболат Дана «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш тарихы» тақырыптарында баяндама жасады.

Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері Әділова Ақбота және Серік Қасым алаш зиялыларына арнаған өлеңдерін оқыса, 1 курс студенттері Серіков Нұрсұлтан,   Бөріхан Ерболат, Зейілбек Мақсат Мағжан Жұмабайұлы, Сәкен Сейфуллинн және Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлы тұлғалардың өлеңдерін жатқа айтты.

Соңынан конференцияға қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.

Өткен тарихқа көз жүгіртіп,  бүгінгі жастардың санасына өрелі ой сала білген конференция өте жоғары дәрежеде өтті.

29 мамыр күні жалпы медицина факультетінің 15 студенті Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін қалыптастыру басқармасының маманымен бірге Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайына барып, танысты.

31 мамыр күні жалпы медицина факультетінің 20 студенті Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін қалыптастыру басқармасының маманыдарымен бірге Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған «Жаңалық» мемориалды кешеніне барды.

Студенттеді әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту басқармасы