Қабылдау емтиханы

 Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты негізінде жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түсу үшін

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Аттестат немесе Диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);
  2. Жеке куәлік + көшірмесі 3 дана;
  3. 6 фотосурет 3 x 4 см;
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтамасының түпнұсқасы (1 дана көшірме) және 066/Е нысаны (2 дана көшірме); флюорография суретінің түпнұсқасы (1 дана көшірме);
  5. Сертификат ҰБТ (ҰТО сайтынан қағазға шығарылған);
  6. Психометрикалық емтиханның нәтижесінен рұқсат беру ведомосынан үзінді;
  7. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік;
  8. Ер балалар үшін әскери тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (1 дана көшірме);
  9. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын құжаттың көшірмесі IELTS 5 (Intermediate, В-1, TOEFL 567 және жоғары). (бар болған жағдайда);
  10. Барлық құжаттардың электронды нұсқасын PDF форматта;
  11. Квотаны растайтын құжаттар (мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, қандас, кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар)
  12. Абитуриенттің туу туралы куәлігі + көшірмесі – 1 дана;
  13. Ата-анасының және заңды өкілінің жеке куәлігі + 1 көшірмесі;
  14. Егерде абитуриенттің өзі немесе ата-анасы болмаған жағдайда, абитуриенттің ата-анасынан заңды өкілге нотариалды сенім хат болуы керек (1 дана көшірмесі);
  15. Сілтеме бойынша https://kaznmu.hero.study/ HeRo Study Space тіркеуінен өтіп, тіркелгеннен кейін талапкердің сауалнамасын толтырыңыз.

Құжаттар тізімі – грант иегерлері үшін 2024


Қабылдау комиссиясының адресі: 050000, Алматы қ., Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы)

Тел.: 8727-338-70-27 (ішкі нөмір 7071, 7350)


Сізден нақты ақпаратты біздің сайттан қадағалап отыруды сұраймыз.