Міндетті пәндер

Негізгі бет » Міндетті пәндер

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 

Пәннің атауы Пәннің қысқаша сипаттамасы Кредит саны
Міндетті пәндер:
1. Амбулаториялық неврология (ересектер мен балалар) Пән амбулаторлық-поликлинкалық неврологиялық қызмет мекемесі бойынша , ҚР құқықтық заңнамасы аясында әрекет ету арқылы құжаттарды жүргізу дағдылары; бас миының тамырлық зақымдануы, вертеброгенді патология, жұлынның зақымдануы, жүйке жүйесінің демиелиниздеуші және қабынулық ауруларымен ,жарақаттың зардаптарымен науқастарға дәлелді медицинаны ескере динамикалық бақылау және көмек көрсету ерекшеліктері бойынша білімді қалыптастырады 7
2. Ауруханада неврология (ересектер, балалар)-1 Пән ҚР құқықтық заңнамасы шеңберінде әрекет ете отырып, стационарлық неврологиялық қызметті ұйымдастыру, топикалық диагностикалау дағдыларын қалыптастырады, ми мен жұлынның жедел және созылмалы қан тамырлары аурулары, жүйке жүйесінің инфекциялық және миелинсізденген ауруларды дәлелді медицина негіздерін қоладан отырып көмек көрсету, үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылу. 42
3. Ауруханада неврология (ересектер, балалар)-2 Пән неврологиялық арнайы тексеру әдістері мен білімін, науқас пен оны қоршаған ортамен әрекет ете отырып жүйке жүйесінің дегенеративті, бұлшық ет ауруларын тиімді және қауіпсіз емдеуге; медициналық генетика негіздері, жүйке жүйесі ауруларында пәнаралық топпен қызмет ете отырып медико- генетикалық кеңес беруді қалыптастырады. 40
4. Неврологиядағы аспаптық зерттеу әдістері Пән әрбір нақты жағдайда халықаралық тәжірибені және дәлелді медицинаны ескере (көрсеткіш, қарсы көрсеткіш,қауіптілігін) ең тиімді және ақпаратты зерттеу әдістерін (ЭЭГ, ЭНМГ, УДДГ брахеоцефалды тамырлардың ) таңдау, бойынша білімді қалыптастырады 19
5. Неврологиядағы визуализацияны зерттеу әдістері Пән халықаралық тәжірибені және дәлелді медицинаны ескере отырып нейрофизиологиялық тексеру жүргізу көрсетілімдерін анықтауға және оның интерпретациясын, үлкендердің және балалардың ерекшеліктерін ескере функционалды тексерудің көлемін анықтау. Пәнаралық топта жүмыс істей отырып бас миына және жұлынға ота кезінде интраоперационды комплекстік нейрофизиологиялық тексеруді жүргізуге корсеткішті анықтауды қалыптастырады 6
6. Неврологиядағы және нейроресциациядағы шұғыл жағдайлар Пән жетекші этиологиялық және патогенетикалық механизмдерді тексеру , неврологияда шұғыл жағдайлардың клиникалық көріністерін, дәлелді медицина және халықаралық тәжірибені ескере ҚР құқықтық заңнамасы аясында әрекет ету арқылы диагностика принциптерін және жүргізу тактикасын қалыптастырады 12
7. Нейро оңалту Пән қалыптастырады ерте және кеш нейрореабилитация жүргізу үшін науқастарды іріктеу дағдыларын; реабилитациялық потенциалды анықтау; науқаспен қарым қатынас жасау арқылы көрсеткіш, қарсы көрсеткіш комобидтілігін; ҚР құқықтық заңнамасы аясында әрекет ету арқылы құжаттарды жүргізу дағдыларын. 6