Элективті пәндер

Негізгі бет » Элективті пәндер

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 

Элективті пәндер:
1. Геронтостоматология Пән ортопедиялық стоматологиялық бейінді ауруларды анықтау мақсатымен егде және қарт адамдарды тексеру, диагностикалау; ауыз қуысы органдары мен тіндерінің жасқа байланысты өзгерістерін есепке ала отырып, ауыз қуысын протездеуге дайындау және емдеу әдісін таңдау, әртүрлі тіс протездері құрылымдарымен, емдеу болжамын құра отырып, ортопедиялық емдеу бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады. 4
2. Медициналық құқық, менеджмент, маркетинг және стоматологиядағы аудит Пән стоматологиялық қызметте қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтық нормаларды; стоматологиялық кабинет еңбек қызметін басқарудың және медицина қызметкерлерін оқытудың жүйелік жолдарын қарастырады. Ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау қабілетін және пациенттің қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандыру және стоматологиялық клиниканың үздіксіз дамуын, стоматологиялық көмектің сапасын бағалауды зерттейді. 4
3. Гнатология негіздері Пән тіс-жақ жүйесі барлық органдары қарым-қатынасы, бұл жүйенің анатомия, физиология, патофизиологиясын кешенді зерттеу, ортопедиялық стоматологиялық бейінді ауруларды анықтау мақсатында диагностикалау бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады. Окклюзияны қалыпты және патологиялық жағдайда бағалау, протездеуге алдын-ала дайындық жүргізу және ортопедялық емдеу әдістерін таңдау бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіреді. 4
4. Цифрлы стоматология Пән тексеру, дигностикалау және ауруларды ортопедиялық стоматологиялық құрылымдармен емдеу сатыларында цифрлы технологияларды қолдану бойынша тәжірибелік дағды қалыптастырады. Ең жаңа технологияларды игеру тәжірибелік дағдыларын және кәсіби дамуға ықпалын тигізеді. Дербес оқу және кәсіптік команданың басқа мүшелерін оқыту, пікір-талас, конференция және үздіксіз кәсіби даму түрлеріне белсенді қатысу дағдыларын жетілдіреді. 4