АҚПАРАТТЫҚ ХАТ




05.10.2012

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстанда егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді (бағдарламаны) әзірлеу» (2011-2013 жж.) ғылыми-техникалық бағдарламасын орындау шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүрудің медициналық-әлеуметтік аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлар отыр. Конференция «Университет күндері» аясында Алматы қаласында 2012 жылдың 1 желтоқсанында өтеді.

Ұйымдастырушы: Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.

Конференцияның бағыттары:

  1. Геронтология және гериатрияның медициналық-әлеуметтік аспектілері.
  2. Эксперименталды гериатрияның қазіргі заманғы аспектілері.
  3. Геронтология және гериатрия саласында кадрларды даярлау.
  4. Гериатрия саласында профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологиялары.

Конференция шеңберінде алыс және жақын шет елдерден (Ұлыбритания, Ресей, Украина, Қырғызстан, Жапония, Израиль) мамандар баяндама жасайды.

Сіздерді Конференция жұмысында қатысуға шақырамыз. Конференция материалдары жарияланады және қатысушыларға Конференция күні таратылады.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

  1. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Мәтін келесі бөлімдерден тұруы қажет: өзектілік, жұмыстың мақсаты, материалдар мен әдістер, нәтижелер және қорытынды. Мақалаларды 2012 жылдың 1 қарашасына дейін[email protected] электрондық поштасына немесе Алматы қаласы, Төле би көшесі 94 мекен-жайда орналасқан Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 116 бөлмесіне жіберу қажет.
  2. Мәтін Word-та теріліп, Times New Roman 14, 1 интервалда, 3 беттен артық болмауы керек (қағаз форматы А4), кесте және суреттермен рәсімделуі мүмкін. Қысқартулардың барлығы мәтінде ашып жазылуы керек.
  3. Файлдың атауы бірінші автордың аты-жәнімен және реттік санымен (егер автор бірнеше мақала берсе) беріледі.
  4. Мақаланың басы төмендегідей рәсімделеді: бірінші қатар – үлкен әріптермен жұмыстың атауы; екінші – автордың аты, әкесінің аты, тегі (баяндамашының аты, әкесінің аты, тегі асты сызылып көрсетіледі); үшінші қатар – ұйымның толық атауы, қала, мемлекет, әрі қарай – мақала мәтіні.
  5. Жеке бөлек қағазда әрбір автордың аты, әкесінің аты, тегі, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекен-жайы және телефоны көрсетілу қажет.
  6. Талаптарға сай емес мақалалар қарастырылмайды және қайтарылмайды (түзетуге де берілмейді).
  7. Мақалалар тегiн  қабылданады.

 

 

 

Баяндамаларға қойылатын талаптар:

  1. Баяндама мәтіні Word, ал презентация Power Point болуы қажет.
  2. Конференцияға қатысу үшін тіркеу картасын толтырып 2012 жылдың 10 қарашасына дейін [email protected] электронды адресіне жіберу қажет.
  3. Баяндама жасау үшін өтініштер 2012 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.
  4. Баяндама ұзақтығы 15 минут.
  5. Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Конференция қатысушысын тіркеу Картасы

 

А.Ә.Т. (толық)  
Жұмыс орны  
Лауазымы (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы)  
Қонақ үй Қажет (белгілеу керек) Қажет емес (белгілеу керек): 
Келу және кету мерзімі (толық ақпарат қажет) Келу: Кету: 
e-mail  
Байланыс телефоны  
-Конференцияға қатысу (торшаны белгілеңіз)

 


-Баяндама: толық атауын жазыңыз (торшаны белгілеңіз)

 


-Мақала (торшаны белгілеңіз)

 

 

 

Конференция туралы ақпарат С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің www.kaznmu.kzсайтында орналастырылған.

Барлық сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін 8 (727) 292-64-87 (ішкі 213) телефонына немесе [email protected] электрондық поштасына хабарласуыңызды өтінеміз – Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми жобалар жөніндегі жетекшісі, м.ғ.к. Қалмаханов Сүндетғали Беркінұлы.