Алғысымыз шексіз…




23.11.2011


Қараша айының 22-де Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына орай ҚазҰМУ-нің студенттеріне арналған «электрондық университет презентациясы» атты марапаттау кеші өткізілді. Біздің факультетімізден алғашқылардың бірі болып президент шәкіртақысының иегері, 3-курс студенті Құлмағанбетов Мұхит және М.Маметова атындағы атаулы шәкіртақы иегері, 3-курс студенті Балмұханова Алтынай марапатталды. Сонымен қоса, жалпы медицина факультетінің 329 үздік, белсенді студенттеріне нетбук сыйға тартылды. Болашақ еліміздің бағдаршамын жағатын жастарымызға жаңа ақпараттық – технологияларды жетік меңгеру керектігін ескере отырып, университет  кітапханасынан 250 орындық интернет класы ашылды. Бұл игі істердің жүзеге асуы университетіміздің көшбасшысы профессор Ақанов Айқан Ақанұлының қолдауының арқасында деп білеміз. Сондықтан, жалпы медицина факультетінің студенттерінің атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.