Қашықтықтан оқыту

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оқу жүйесінде қашықтықтан оқыту жүйесі жоғарғы білімнен кейінгі қысқартылған оқу мерзімі бойынша, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға және академиялық ұтқырлық аясында оқуға, ғылыми тәжірибелерге шет елге кеткен білім алушыларға қолданылады.

ҚазҰМУ студенттері қашықтықтан оқыту барысында болашақ тәжірибеге қажетті теориялық және тәжірибелік білімдерін шыңдайды. Қазіргі таңдағы озық технологиялар түрлі жобалау және ақпараттық құралдарды құрастыру сияқты мүмкіндіктер кезкелген пәнді дайындаудағы жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді.

Қашықтықтан оқу үшін қажетті құралдар:

  • жеке қолданбалы копьютер/ноутбук немесе компьютер мен сандық гаджеттерге тұрақты қолжетімділігі;
  • компьютерлік мультимедиялық құралдардың болуы: веб-камера, құлаққап және/немесе гарнитура;
  • интернет желісіне қолжетімділігі (жылдамдылығы 512 кбит/с асатын);
  • электронды пошталармен жұмыс жасай алу және түрлі кеңселік бағдарламалармен, электронды құжаттарды құру және өзгерту сияқты қабілеттіктерінің болуы.

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ 

Қашықтықтан оқыту  http://dis.kaznmu.kz/ басқару жүйесінде жүзеге асырылады.  Академиялық кезеңнің ұзақтығы академиялық күнтізбеге сәйкес орындалады. Академиялық саясатта көрсетілген тәртіпке сәйкес, студенттер семестр аяқталғаннан кейін аралық аттестация кезінде емтихандарды тапсыру үшін міндетті түрде жеке қатысуымен университетте тапсыруы қажет.

Теориялық білім алу кезінде MOODLE электронды білім алу ресурсы арқылы пәндерді меңгереді, аталған жүйеде барлық оқу материалдары (дәрістер, видеодәрістер, презентациялар), тапсырмалар (тест, жазбаша тапсырмалар, пікірсайыстар) және online (чат, аудио-видео конференция) және offline (жазбалар, дискуссиялық форум) оқытушымен консультациялар сияқты құралдар енгізілген.

 

Қашықтықтан оқу инструкциялары:

Инструкция для преподавателя

Инструкция для студентов