ҚазҰМУ-ның «ДЕМЕУ» студенттер қоғамдық бірлестігінің 01.11.2012ж. 30.11.2012ж. аралығында өткізілген іс-шаралар туралы есебі




30.04.2013

Университетіміз жылдан жылға көркейіп, гүлденіп, көз алдымызда үлкен белестерді бағындырып отырғаны бәрімзге аян. Дегенмен сол университет үшін, еліміздің медицина саласының дамуы үшін қызмет жасап отырған қызметкерлер қауымының аянбай қызмет етуінің жемісі деп білемін. Сонымен қатар, білім алып отырған студенттер қауымының да университет үшін жасап отырған іс-шаралары да айтпаса да белгілі. Жастар арасында өз қызығушылықтарымен құрылған көптеген ұйымдар бар, олар бір бірінен ерекшеленіп, өз бағыттарымен қызмет жасауда. Ал «Демеу» СКҚБ сондай ұйымдардың бірі және бірегейі, себебі өзінің аты айтып отырғандай басқа студенттік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасауының арқасында, университетіміздегі алдыңғы қатарлы ұйымға айналған десем қателеспеген болар едім. Аталған айда тілге тиек боларлықтай есепке көз жүгіртсек:

1)       ҚазҰМУ талантты студенттерінен құралған “СЫРТТАН” рок тобының музакалық аспаптарына (барабан, струна, таяқша т.б.) Осы топтың құрмындағы және «Демеу» СКҚБ құрамындағы студенттердің өтініші бойынша қаражат бөлінді. Жалпы жұмсалған сумма: 31,000 мың теңге (отыз бір мың теңге) жұмсалды.

2)      Жылсайынғы әдетке айналған Университет Студенттер Үкіметінің төрағасынын сайлауна, алдын ала үгіт насихат жүргізу, сайлаушылармен кездесулер ұйымдастырылып, кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын дайындап баспаға шығаруға қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы жұмсалған сумма: 32,330 мың теңге (отыз екі мың үш жүз отыз теңге).

3)      Кеңес Одағынының батыры, Университетіміздің студенті болған, қазақтың батыр қызы-  Мәншүк Маметованың  90-жылдығына арналған еске алу кешіне арналған кешке, шақыру қағаздары, гүл шоқтары т.б. заттар алуға бірлестік қаражатынан қаржы бөлініп, жұмсалды. Жалпы жұмсалған сумма:10 мың теңге (он мың теңге).

4)      Өзге де шығындар,(банк қызметі, салықтар, кеңсе заттары)-13,530 (он үш мың бес жүз отыз теңге)

5)      Студенттерге материалдық көмек 55,420 мың теңге (елу бес мың төрт жүз жиырма теңге)

Жалпы жұмсалған қаржы: 142,280 (жүз қырық екі мың екі жүз сексен теңге).