ҚазҰМУ-ның «ДЕМЕУ» студенттер қоғамдық бірлестігінің 01.12.2012ж. 31.12.2012ж. аралығында өткізілген іс-шаралар туралы есебі




30.04.2013

1)        Университет күндері аясында көптеген мастер кластар, визитинг профессорлардың қатысуымен семинар тренингтер, салтанатты ашылу жабылу кештері өткізілді. Осы кештерде өздерінің таланттары мен талаптарының арқасында көзге түсіп, өз өнерлерін жұртшылыққа паш еткені үшін және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін, сол студенттердің өнерлерін көркемдеп жұртшылық назарына ұсынуға музыкалық орталықта сүйемелдеу үнтаспаға жаздырылды. Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге әдеттегідей ұйым қорынан қаражат бөлінді. Жұмсалған қаржы: 50,000(елу мың теңге) .

2)       ҚазҰМУ «Арлан» Дебат клубының өткізген  пікір талас сайысына қатысушы студенттерді қолдау мақсатында, қатысушыларға естелік сыйлықтар, мақтау қағаздарын баспадан шығаруға қоғамдық қорынан қаржылай қолдау көрсетілді. Жұмсалған қаржы: 5,000 (бес мың теңге).

3)       Университетіміздің Қазақ КВН лигасы құрама командасының, Алматы қаласы кубогы ашық біріншілігіне қатысулары үшін қолдау көрсетілді.  Жұмсалған қаржы: 5,000 теңге (бес мың теңге).

4)        Жатақхана өз үйім! –демекші, ҚазҰМУ студенттік үйінде, өнерлі, өнегелі студенттеріміздің қатысуымен Университет кундеріне арналған концерттік кеш болып өтті. Осы кеште музыкамен сүйемелдеу үшін, музыкалық аппарат жалға алынды. Жұмсалған қаржы: 5,000 теңге (бес мың теңге).

5)      «Демеу» СКҚБ құрамындығы материалдық жағдайы төмен студенттерге материалдық көмек көрсетілді. Жұмсалған қаржы: 65,160 теңге (алпыс бес мың жүз алпыс теңге)

6)      Өзге де шығындар (мемлекеттік салық, банк қызметі) – 11,225 теңге (он бір мың екі жүз жиырма бес теңге)

Жалпы жұмсалған қаржы: 141,385 (жүз қырық бір мың үш жүз сексен бес теңге).