«ҚазҰМУ оқытушыларының құзіреттілік Моделі» атты біліктіліктерін жоғарылату курсы өткізілді




18.01.2016

2015 жылдың желтоқсан айының 14-і мен 2016 жылдың қаңтар айының 15-і аралығында Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінің аясында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің ПОҚ-на арналған жалпы 216 сағатты құрайтын «ҚазҰМУ оқытушыларының құзіреттілік Моделі» атты біліктіліктерін жоғарылату курсы өткізілді. Курс төмендегідей жекелеген блогтардан құралған:

  1. Нәтижелі оқытушы

Жауапты:

Рамазанова Шолпан Хамзаевна –№1 педиатрия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының доценті, м.ғ.к.;

Карибаева Дина Орынбасаровна – ЖТД даярлау кафедрасы меңгерушісінің м.а., м.ғ.к.

  1. Бағалаудағы сарапшы

Жауапты:

Курманова Гаухар Медеубаевна – №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының профессоры.

  1. Медициналық білім берудегі зерттеуші/ғалым және Медициналық білім берудегі көшбасшы/менеджер

Жауапты:

Юсупов Рустам Рахимович –Х.С.Насыбуллина атындағы ПШМ диреткоры

  1. IT пайдаланушы

Жауапты:

Мухалиев Е.Е. – балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті

  1. Нәтижелі коммуникатор

Жауапты:

Асимов Марат Абубакриевич –Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі. м.ғ.д., профессор;

Дощанов Даурен Хизатович –Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының ассистенті;

Мизонова Светлана Николаевна –Коммуникативтік дағдылар орталығының бас маманы.

Бағдарлама 1-ші деңгейдегі ПОҚ-на арналып дайындалған (төменгі деңгей). Білім беру курсында барлығы 37 адам қатысты. Оқуға қатысу нәтижесінде 25 адамға 5 жылдық мерзімге біліктілігін жоғарылату туралы куәлік берілді және кері байланыс сауалнамасы жүргізілді. сауалнама сараптамасы бойынша жоғары дәрежеде қанағаттандырарлықтай көрсеткіште (95% өте жақсы 5% жақсы), оқытушылардың жұмысы (91%өте жақсы, 9% жақсы) бағаланды.