ҚазҰМУ ректоры А.А. Ақановтың «31-арнаның» 2012 жылғы 29 наурыздағы Алматының жемқорлық ең сыбайласқан ЖОО туралы мәлімдемесіне үндеу-хаты




30.03.2012

10.00

Қымбатты студенттер, профессорлар-оқытушылар құрамы, достар.

Кеше телеарнадан Алматының жемқорлық ең сыбайласқан кейбір ЖОО қатарында біздің де университеттің бар екені туралы ақпарат таратылды.

Мен, өзіме сеніп тапсырылған ЖОО-ның басшысы ретінде, бұл ақпаратқа жауап қайтаруды өз міндетім деп санаймын.

Жемқорлықпен күрес біздің Университетіміздің басты міндеттерінің бірі болып табылады және біз онымен үнемі күрес жүргізіп келеміз.

Осы мәселені анықтаудың маңызды механизмдерінің бірі студенттерге жасырын сауалнама жүргізу болып табылады, бұл соңғы жылдары жауапсыз оқытушыларды анықтауға көп мүмкіндік берді, тіпті оларды жұмыстан шығаруға дейінгі әкімшілік шаралар қолданылды.

Биылғы қысқы сессия кезінде студенттер арасында жүргізілген кезекті жасырын сауалнама нәтижесінде студенттер тарапынан бірен-саран ғана шағым түсті, және осы мәселе бойынша растау және шара қолдану үшін этикалық комиссия жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, өткен аптада ғана студенттердің қаржы пролициясының өкілдерімен кездесуі өтті, мұнда студенттердің өз пікірлерін тікелей айтуға мүмкіндіктері болды. Кезекті жоспарлы кездесу 4-сәуірде өтеді.

31-арнаның таратқан ақпараты шындыққа ұласпайтынына сенімді болсақ та, біз бұл арызды өте ұқыпты әрі мұқият түрде тексеретін боламыз.

Сондай-ақ, транспаренттілікті (ашықтықты) қамтамасыз ету үшін біз сыбайластықты анықтау мақсатында студенттерге сауалнама жүргізетін тәуелсіз сарапшылары шақыртуға дайынбыз.

Біздің ЖОО өз беделін бағалайды және біз сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары деген пікірмен мүлдем келіспейміз.

Осыған қарамастан біз БАҚ өкілдерімен де, тәуелсіз кәсіподақтармен де жемқорлықтың болуы мүмкін фактілерінің анықталуы туралы тығыз жұмыс жасайтын боламыз.

Біздің ЖОО-ң тағдырына немқұрайды қарамайтын жандардың барлығына айтарым – басшылық тарапынан Қазақстандағы ең сапалы медициналық білім беруді қамтамасыз ету үшін барлық шара қолданылады.

Ректор ретінде, мен осы сұрақпен өзім айналысатын боламын және кез келген адамның пікірін тыңдауға дайынмын. Құпиялылыққа кепілдік беремін.

Менің ұялы телефонымның  номірі: +7-777-275-6611

Менің эл. мекенжайым: [email protected]

ҚазҰМУ ректоры

Ақанов А.А.