«Қазақ ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісі: алғашқы нәтижелері, мәселелері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы




26.05.2011

Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу Орталығы 2011 жылдың 20 мамырында «Қазақ ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісі: алғашқы нәтижелері, мәселелері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып, өткізді. Конференцияға 500 астам адам: пленарлық отырыста – 212 адам, №1 секция «Оқу бағдарламалары. Студенттерді оқытудың жеке траекториялары» – 111 адам, №2 секция «Оқытудың инновациялық әдістері» – 82 адам, №3 секция  «Бітіруші түлектер құзыреттерін бағалау сұрақтары. Медициналық мамандықтар бойынша кредиттік оқу жүйесі және Болон үрдісі принциптерінің алға жылжуы» – 93 адам қатысты. Конференцияда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және білім Департаменті директорының қызметін атқарушы Р.Б. Исаева алғы сөз сөйледі. Конференцияға Қазақстан Республикасы және Қырғызстан елдерінің жоғары оқу орындарының өкілдері:  Халықаралық жоғары медициналық мектебі (Бішкек қаласы), «Астана ұлттық медициналық Холдингі» АҚ (Астана қаласы), Қазақ ұлттық Аграрлық университеті (Алматы қаласы), Семей мемлекеттік медицина университеті (Семей қаласы), Оңтүстік – Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық Академиясы (Шымкент қаласы), Қазақстан – Ресей медицина университеті, Республикалық медицина колледжі (Алматы қаласы), сонымен қатар, «EPOS Health Management» компаниясының жетекшісі Lajos Kovacs және тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері: №1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері орынбасары М.Д.Мырзабаева мен «Медсервисплюс» компаниясының директор орынбасары С.М. Ерденбекова баяндама оқыды. Сонымен қатар, Университеттің белсенді студенттері де қатысты.

Конференция материалдарымен БСЗБжМБРҒН Орталығы бетінде танысуға болады.