Қазақ тілі кафедрасының доценті Ж.Т.Исаева және аға оқытушылар Ғ.Ж.Тунгушбаева менЖ.С.Даулетбекованың кафедра оқытушылары және жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттерімен «Оңай ақша – орға жығады» деген тақырыпта жемқорлыққа қарсы өткізілген конференцияның ЕСЕБІ




02.10.2015

 Қазақ тілі кафедрасының доценті Ж.Т.Исаева және аға оқытушылар Ғ.Ж.Тунгушбаева менЖ.С.Даулетбекованың кафедра оқытушылары және жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттерімен «Оңай ақша – орға жығады» деген тақырыпта жемқорлыққа қарсы өткізілген конференцияның

ЕСЕБІ

2015 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-декафедра оқытушыларына бекітілген тьюторлық топтары мен жалпы медицина факультетінің 1курс студенттерімен «Оңай ақша – орға жығады» деген ақырыпта жемқорлыққа қарсы конференция өтті. Бұл конференцияға жүзден аса студент қатысты.

Кафедра доценті Ж.Т.Исаева мен аға оқытушы  Ж.С.Даулетбекова сыбайлас жемқорлыққа байланысты баяндама жасады.Аға оқытушысы Ғ.Ж.Тұңғышбаева жемқорлыққа байланысты слайд және бейне роликтер дайындап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлық-қауіпті әлеуметтік құбылыс.Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр.Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді.

    Қазақстанда құқықтық жүйенің негізі орта және соңғы орта ғасыр кезеңінде дамыды.Оның негізгі ерекшелігі дәстүрлі мұсылман құқықтық жүйесінің және монғол өркениетінің әдет-ғұрып құқығы институтымен құқықтық сәйкестігі болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы,сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың,қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы,парақорлығы.Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық,тәртіптік,әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды.Оларға ҚР«Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары жатады.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққы қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген,сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.

    Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу,бұлтартпау,ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік,ішкі істер,салық,кеден және шекара қызметтері,қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асырылады.

  Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес.Өкінішке қарай, ол білім беру,медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

    Сыбайлас жемқорлық негізінде жалғыз бізге ғана тән емес,бұл ғаламдық проблемалардың бірі. Студенттер жемқорлық туралы, жемқорлықты тудыратын мәселелер, олардың зардаптары жайында ақпарат алды.

Конференцияға қатысқан топ студенттерімен «Жемқорлық зардаптары» атты пікірталас жүргізер алдында бейне ролик көрсетілді.Бейне роликтекезінде емтиханды ақшаға сатып алып, диплом алғанан кейін жұмысқа орналасып, дер кезінде көмек көрсетіп, ота жасай алмағандықтан адам өмірінің қиылуына себепкер болған жас маман жағдайы баяндалады. Бейне роликтің жалғасы ретінде ЖМ факультетінің 1 курс 04 топ студенттері жауапқа тартылған дәрігер туралы көрініс көрсетті. Көрсетілімнен кейін студенттер өз ойларын ортаға салды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысты.

Конференция соңында студенттерден кері байланыс алынды.Кері байланыс «Білемін, білгім келеді, білдім» сыни-ойлау әдісімен өтті. Студенттерден алынған жазбаша жұмыстар тьютор папкасына тіркелді.