«Қазіргі балалар пульмунологиясының өзекті сұрақтары» мастер-класының бағдарламасы




03.11.2011

Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасында 10 және 15 қараша аралығында «Қазіргі замандағы балалар пульмонологиясының өзекті сұрақтары» мастер-класы өткізіледі. Визитинг-профессор – Волков Игорь Константинович, И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ балалар аурулары кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

Волков И.К. 30 жылдық жұмыс өтілі бар балалар пульмонологы және бронхолог, балалардағы өте ауыр жедел және созылмалы өкпе ауруларының диагностикасы мен емінде тәжрибесі мол. 15 жыл бойы мастер-кластар өткізеді, дәрістер оқиды, науқастарға консультация жүргіңзеді.

Волков И.К. 182 баспа жұмыстарының авторы, соның ішінде монографиялар, нұсқаулықтар мен оқулықтардағы 6 тараудың, 8 әдістемелік нұсқаулардың авторы. 8 жыл ойы Ресей ДСМ мен РМҒА «Балалардағы тыныс жолдарының аурулары» мәселелі комиссиясының төрағасының орынбасары болды. 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Педиатрия» Ресей респираторлы ғылыми секциясының төрағалрының бірі. РФ балалардағы өкпе ауруларын емдеу әдістері мен дәрілік препараттардың тиімділігі бойынша мультиорталықты ғылыми зерттеулер ұйымдастырды және жүргізді. «Тыныс мүшелері ауруларының Ғылыми конгресі» ұйымдастыру комитетінің мүшесі. 4 журналдың редакциялық ұжымының мүшесі. Ресей респираторлы қоғамының, Европа респираторлы қоғамының, Европа және Солтүстік Америка муковисцидозбен күрес қоғамының мүшесі.

Ғылыми қызығушылықтарының ауқымы: балалар мен жасөспірімдердегі тыныс мүшелері ауруларының диагностикасы, емі және реабилитациялау, муковисцидоз, өкпенің туа біткен даму ақаулары, бронх-өкпелік  дисплазия, бронх демікпесі; балалар бронхологиясы, тыныс мүшелері ауруларымен науқастарды реабилитациялау, балалар жасындағы шылым шегудің алдын алу.

«Қазіргі замандағы балалар пульмунологиясының өзекті сұрақтары»

мастер-класының бағдарламасы

 

Өткізілетін күні

Дәрістің тақырыптары

Уақыты

Сағат саны

Өткізілетін орны

Ескерту

Бірінші күн

10.11.11ж. Ректормен кездесу 10.00   Ректордың қабылдау бөлмесі  
Респираторлы аурулары бар науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Балалардағы өкпе ауруларының жіктелуі. 11.00 – 12.50 2 Даңқ залы Дәріс
Балалар мен жасөспірімдердегі өкпе ауруларының диагностикасы 14.30 – 16.20 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Науқасты клиникалық талдау 16.30-18.20 2 2 ҚКБА конференция-залы Клиникалық талдау

Екінші күн

11.11.11 г. Балалардағы жөтел.  Диагностикасы мен емі 09.00  – 10.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Балалар мен ересектердегі муковисцидоз 11.00 – 12.50 2 2 ҚКБА конференция-залы. Дәріс
Жиі ауыратын балалар. Диагностикасы, емі, алдын алу 15.00 – 16.50 2 ООА Қаскелен қ. Дәріс
Науқасты клиникалық талдау 17.00 – 18.50 2 ООА Қаскелен қ. Клиникалық талдау

Үшінші күн

12.11.11 г. Балалардағы бронхит. Диагностикасы, емі, алдын алу 09.00 – 10.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Балалардағы пневмония 11.00 – 12.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Балалардағы бронх өкпелік дисплазия 14.00-15.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Науқасты клиникалық талдау 17.00 – 18.50 2 ҚазҰМУ ОКО (ОКЦ) Клиникалық талдау

Төртінші күн

14.11.11 г. Өкпенің туа біткен даму ақаулары 09.00 – 10.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Цилиарлы дискинезия синдромы және өкпенің сирек кездесетін аурулары 11.00 – 12.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Созылмалы қайталамалы тыныс мүшелерінің аурулары бар балаларды реабилитациялау 15.00 – 16.50 2 ООА Қаскелен қ. Дәріс
Науқасты клиникалық талдау 17.00 – 18.50 2 ООА Қаскелен қ. Клиникалық талдау

Бесінші күн

15.11.11 г. Респираторлы ауруларды қазіргі емдеу принциптері 09.00 – 10.00 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Бронх демікпесі 11.00 – 15.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Балалар мен ересектердегі өкпе аурулары арасындағы байланыс 14.00 – 15.50 2 2 ҚКБА конференция-залы Дәріс
Аудиториямен кері байланыс.

Сауалнама жүргізу.

Тілектері мен ұсыныстары.

    2 ҚКБА конференция-залы  
Сертификаттарды тапсыру     2 ҚКБА конференция-залы  
Барлығы     36    

Бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мастер кластың ұйымдастырылуына жауапты доцент Рамазанова Шолпан Хамзаевна. Қосымша ақпараттарды келесі телефон арқылы ала аласыздар 8-701-799-56-65.