БАСПАСӨЗ БАЯНЫ




24.05.2012

Еліміздің медициналық ЖОО алдында тек жоғарыбілікті медицина кадрларын дайындау міндеті ғана емес, халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, өмірдің өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларына жылдам бейімделуге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау міндеті тұр.

2012 жылғы 25-26 мамырда ҚазҰМУ-да «С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮЛГІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ» атты халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

 

Конференцияға еліміздің үздік ЖОО ректорлары, ҒЗИ, ҒО басшылары, әлемнің әртүрлі елдерінен келген визитинг-профессорлар, ҚР ДМ және ҚР БжҒМ өкілдері, студенттер мен оқытушылар қатысады.

 

Конференция барысында сөз сөйлейтіндер: ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов, ҚР ҰҒА, РМҒА академигі Төрегелді Шарманов, Исмағұлова С.С. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (БжҒМ) жоғары және ЖОО кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары, Сыздықова А.А. –  ҚР ДМ медициналық білім және ғылым басқармасының бастығы,  Өмірбаев С.М. – С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ректоры, Искаков Б.М. – Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау бойынша сарапшылар Ұлттық тобының мүшесі, ҚР БҒМ ҰАО сарапшысы (Болон процесі орталығы), Рахипбеков Т.К. – Семей Мемлекеттік медицина университетінің ректоры, Николя Хюдинг (GIZ, E-Academy жобасының үйлестірушісі, Германия), Тулеген Чубаков – Қырғыз Республикасы ДМ Қырғыз Мемлекеттік медициналық қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының ректоры, т.б.

 

Конференцияда Қазақстан жоғары білімінің Болон процесі контексінде даму мәселелері, ҚазҰМУ-да білім берудің сапасын арттыру, Болон процесінің негізгі компоненттерінің Қазақстанның жоғары оқу орындарында бейімделуі, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындығының мәселелері, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша, электронды (қашықтан) оқытуды білім алу мен әрі қарай дайындықтың тиімді әдісі ретінде  ҚазҰМУ-да  білім беру процесін, Университетте педиатрлық білім беру моделі элементтерінің қалыптасуын ұйымдстыру мәселелері, т.б. талқыланады.

 

Конференцияның ғылыми-тәжірибелік бағыттары:

  • ҚазҰМУ медицина білімінің моделі: жүзеге асырудың мәселелері мен перспективалары
  • Білім сапасы кепілдігін меңгеру шарты ретіндегі ЖОО-ғы Болон процесі
  • Оқу процесі менеджментінің жетілдірілуі
  • Білім берудің, ғылымның және тәжірибенің ықпалдастығы
  • Дипломнан кейінгі деңгейде ҚазҰМУ медициналық білім моделінің жүзеге асырылу перспективалары
  • Медициналық ЖОО оқытушысының біліктілігінің қалыптасу және даму мәселелері
  • Медицина және фармация саласында мамандар дайындаудың инновациялық технологиялары
  • ЖОО-ң білім беру процесіндегі қашықтан оқыту технологиялары

 

Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны, жаңа ақпарат көлемінің қарқынды өсімі, дәрігерлердің кәсіби деңгейіне қойылатын талаптардың өзгеруі, жаңа мамандықтарды, медицина кадрларын сертификаттау және аттестаттау жүйесін енгізу салалық білімді жетілдіру және оның су жаңа моделін жасау мәселелерін басты орынға қойып отыр.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) медициналық білім берудің ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірегей моделін жасап шығарды. Қазақстан медициналық білімі жүйесі өз алдына биік мақсат қойып отыр – кадр дайындау сапасын арттыру, жаңа ұрпақ дәрігерлерін – халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Жаңа мыңжылдықтың кадрларын дайындау процесі қолданыстағы білім беру жүйесінің түбегейлі өзгертілуін талап етеді. ХХІ ғасырда жаңа проблемаларды шеше алатын әрі қоғамның сұранысын қанағаттандыруға қабілетті халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар қажет. Медицина саласы студенттеріне, ЖОО ПОҚ-ң кәсіби деңгейіне қойылатын талаптарды арттыру – бұл университеттің сәтті әрі перспективалы дамуына қажетті шарттар.

ҚазҰМУ медицина мамандары, бұл 11 мыңнан астам студент, міндетті-бағдарланған тәсілге негізделген жаңа жүйе бойынша білім алуда. Осы модельге сәйкес, тек ҚР нарығында ғана емес,   жақын және алыс шетелдерде сәтті бәсекелесу үшін әрі заманауи медицина қызметкерлеріне қойылған талаптарға сай болу үшін ЖОО түлегі оқу кезеңінде бес негізгі міндетке дағдылануы қажет: «Білім», «Икемділік», «Коммуникациялық дағдылар», «Денсаулық қорғаушысы» және «Өздігінен білім алу». Осы міндеттерді меңгерген соң болашақ маман алдына қойылған мақсаттарды шеше алады.

 

ҚазҰМУ білімінің моделін жүзеге асыру мақсатында келесілер жасалды:

  • Оқу департаменті – өмір туралы ғылым орталығы
  • Оқу департаменті – морфология орталығы
  • Тәжірибелік дағдылар орталығы
  • Коммуникативтік дағдылар орталығы
  • Ішкі ағзалар аурулары клиникасы
  • Жоғары медицина мектебі
  • Дипломнан кейінгі білім беру институты
  • Стоматология  институты
  • АаЖ – ҚазҰМУ

 

ҚазҰМУ-ң білім беру саласындағы негізгі басымдылықтары орташа мерзімді перспективада келесілерді қамтиды: әлемдік білім беру кеңістігіне әрі қарай ықпалдасу, барлық білім беру деңгейлерінде біліктілік тәсілді енгізу, нақты еңбек нарығының сұраныстарына бағдарлану, өзекті қоғамдық қажеттілікке жауап сияқты барлық деңгейдегі жаңа білім беру бағдарламасының дамуы, оқытудың белсенді және интерактивті түрлерінің дамуы, білім сапасын тиімді басқаруды қамтамасыз ету және оқу процесін басқару механизмдерін жетілдіру, толыққанды кәсіби модульдер жасау. Қойылған мақсатқа жету үшін міндеттердің толық кешені қажет, оларды шешу жолдары ғылыми-тәжірибелік конференция барысында қарастырылатын болады.

 

 

 

 

ҚазҰМУ Баспасөз қызметі