«Беу, қыздар-ай!»




03.12.2013

2013 жылғы 28 қараша күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «CONCORDIA» театрында Б.Омаров атындағы «Жас сахна»  театрының комедиялық жанрдағы «Беу, қыздар-ай» атты қойылымы өтті. Көптен күткен кешке студенттер мен оқытушылар залды лық толтырып, қойылымды қызығушылықпен тамашалады. Әсем әндермен өз сезімдерін бірдіртіп, күлкүлі оқиғаларға тап болатын кейіпкерлер көрермендерге ұнады. Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» пьесасын Б.Омаров атындағы «Жас сахна»  театрының режиссері С. Карабалин жаңаша көрсете білді.

Бұл күні «CONCORDIA» театры әсерлі көріністердің жетегімен бір серпіліп қалғандай. Сезімнің өмірді көркейтіп, адам жанын жадырататыны заңдылық. Әрі адамзат сезімге  мәңгілік бас имек. Сондықтан бұл қойылым көрермендерге жылы қабылданып, оның бітісімен шапалақтар ұзаққа дейін басылмады. Студенттер мен оқытушылар өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңілде тасқасты.

Мы ВКонтатке Facebook Instagram Twitter YouTube