«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты конференция




12.04.2012

Сәуір  айының 10-шы жұлдызында №2 жатақханада студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен, жемқорлықтың алдын алу  мақсатында  студенттер арасында  «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты конференция өткізілді. Конференцияда студенттік кеңес мүшелері жалпы қылмыс жайлы ақпарат беріп, студенттерді университеттің ережелерімен қайта таныстырды. Конференция барысында  студенттер тарапынан: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес бірдің емес, көптің белсене атсалысатын ісі. Сондықтан «көп қорқытады, терең батырады» дегендей көп қолға алса, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл қойылатыны және сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін студенттердің белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беретіндігі сөзсіз»-екендігі туралы айтылды. Конференцияға ректорат тарапынан студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін қалыптастыру басқарма бастығы орынбасары Ильясов Н.Е., және жалпы медицина факультетінің декан орынбасары Ниязбеков С.А. қатысты.

 

Жалпы медицина факультетінің

Декан орынбасары                                                    Ниязбеков С.А.