Біздің жеңімпаздар




14.05.2012

Жалпы медицина факультетінің деканаты жеңімпаз студенттерін құттықтайды!

  1. 3 курс студенті Құлмағанбетов Мұхитті  және 1 курс студенті Серік Қасымды Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 55-жылдығына арналған студенттердің халықаралық 52-ғылыми конференциясында 1 орын иегері атануымен.
  2. 1 курс студенті Курбатов Андрейді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылдағанына 20 жыл толуына орай жыл сайынғы «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясында 2 орын иегері атануымен.
  3. 2 курс студенті Шайсұлтанова Гүлімді Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде өткен «ХХІ ғасыр жастарының көзімен Ұлы Отан соғысы» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқандығымен.
  4. 3 курс студенті Ізбасаров Нұрқанатты  ҚазҰМУ ректорының сыйлығына арналған турнирде бокстан 56 килограмм салмақ бойынша 1 орын жеңіп алуымен.
  5. 2 курс студенті Аманов Дастанды  Алматы қаласының туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 66 килограмм салмақ категориясында 87,5 килограмм нәтижесімен пауэрлифтинг бойынша Алматы қаласының біріншілігінде 2 орын жүлдесіне ие болуымен.